Қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынатын ақпарат нысандарын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 1222 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 564-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үкіметтің сыртқы қарыздары есебінен республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кепілдіктерді орындауға байланысты туындаған талаптар бойынша; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тұрғын үй салу және тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы шеңберінде берілген кредиттер бойынша қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылардың берген ақпараттың бойынша нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (А.С. Есенов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберу; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|