«Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 16 мамырдағы № 355 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12450 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 19) тармақшасына және «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|