Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы (2018.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы бекітілсін. 2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (И.А. Шварцкопф): 1) Заң департаментімен (С.М. Қаппасов) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.07.11. № 61 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығымен бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 182-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|