|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II Заңы (2024.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары 2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау 4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау 5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері 6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті 9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары 9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия 9-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия 10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу 13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру 14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару 15-2-бап. Байланыс операторларының сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы 16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестiгiн растау 17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау 17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі 18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу 19-бап. Телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi лицензиялау 20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер 21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсi 22-бап. Алып тасталды 22-1-бап. Алып тасталды 4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі 25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу 26-бап. Байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері 27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары 28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау 28-2-бап - 28-4-бап. Алынып тасталды 28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi 28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң құқықтары 28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi 6-тарау. Байланыс желілерін дамыту 29-бап. Байланыс желілерін дамыту 29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру 30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану 31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану 7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері 32-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері 33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы 34-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін субсидиялау 8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары 35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы 36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау 36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру 36-2-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу 9-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері 37-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен әлiпбилердi пайдалану 38-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру уақыты 39-бап. Халықаралық ынтымақтастық 39-2-бап. Байланыс қызметтерін көрсету 40-бап. Байланыс операторлары мен байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың жауапкершiлiгi 41-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық 41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі 42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы
2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «почтаның», «почталық», «почта», «Почта», «почтамен» және «почтамттар» деген сөздер тиісінше «поштаның», «пошталық», «пошта», «Пошта», «поштамен» және «поштамттар» деген сөздермен және «почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі» деген сөздер «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-бап. Байланыстың мақсаты 1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. 2. Байланыс және есептеу техникасы, сондай-ақ ақпараттық жүйелер құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді; 2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) абонент - байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 24 ақаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі - қызметтік ақпарат) - байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды: абоненттік нөмірлер және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері туралы ақпаратты; ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты; биллингтік мәліметтерді (абонент және (немесе) пайдаланушы алған қызметтер туралы мәліметтерді); техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жерін; деректер беру желісіндегі мекенжайды; деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын; интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін; деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер; 3) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы; 4) абоненттік құрылғы - абоненттің көздеген ақпаратын беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, жеке пайдаланылатын байланыс құралы; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылды 4-1) абоненттік нөмірді көшіру - абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет; 4-2) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры - абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорларды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені; 4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы - абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және оның ресурстарына қол жеткізуді ұсынатын ұйым; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-4) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталық - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын шығаратын заңды тұлға; 5) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 5-1) антенна-діңгекті құрылысжай - байланыс құралдарын орналастыруға арналған, мұнара немесе діңгек пішіндегі байланыс құрылысжайы; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді 6) арнаулы пошта байланысы қызметі арналары - арнаулы жөнелтілімдерді жөнелтуге пайдаланылатын пошта желілерінің, арнаулы пошта байланысы қызметі бөлімшелерінің жиынтығы; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар не мемлекеттік органдардың таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыштары (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, жіберілімдер, метиздер; 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) әмбебап қызмет көрсету операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы; 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері - телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады; 10) байланыс - ақпаратты, пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату; 11) байланыс арнасы - жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар - телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша — халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді; 12) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарын қамтитын және телекоммуникацияларға немесе пошта байланысына арналған технологиялық жүйе; 13) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағынын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы; 14) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары; 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 14-1) байланыс құрылысжайлары - байланыс құралдарын орналастыру үшін жасалған және (немесе) ыңғайластырылған инженерлік инфрақұрылым объектілері; 15) байланыс қызметтері - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет; 16) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі; 17) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметтері көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда 18) байланыс операторы - байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға; 19) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдардың иелері; 20) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс спутниктері орбиталық позицияларының ресурстары; 21) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 22) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды 22-2) деректерді біріктіру - ақпаратты өңдеу және оны иесіздендірудің жүргізілуі орын алатын жалпылама түрде беру процесі. Біріктірілген деректерді байланыс операторы есептілікті қалыптастыру, талдау мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін пайдаланады; 23) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі - үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес бір желіні екіншісіне жалғауға арналған телекоммуникация құралдары; 24) жалғау жолы - телекоммуникациялардың жалғайтын және жалғанатын желілері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтың бөліктерін қамтитын техникалық құралдар кешені; 25) жалғау қызметі - әрекеттес желілерді пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыруда байланыс операторларының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет; 26) желіаралық жалғаным - телекоммуникациялардың бір желісін екіншісіне жалғау қызметтерін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) желілік трафик (бұдан әрі - трафик) - белгілі бір уақыт кезеңінде телекоммуникациялар желісі арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі; 27) жергілікті телекоммуникация желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралдары. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді; 28) жергілікті телефон жалғанымы құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефон жалғанымын уақытпен есепке алу) - жергілікті телекоммуникация желісінің қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефон жалғанымын есепке алу әдістері технологиясының жиынтығы; 29) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалану үшін берілетін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат; 30) жоғары жиілікті құрылғылар - телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электрмагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 30-1) - 30-3) тармақшалармен толықтырылды 30-1) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 30-2) интернет-трафик - белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 30-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 30-3) интернет-трафик алмасу нүктесі - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен; 31) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы; 32) кодталған байланыс - кодтау құжаттары мен техникасын пайдалана отырып қорғалған байланыс; 32-1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 32-2) тармақшамен толықтырылды 32-2) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі - телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді және байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені; 33) қалааралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын жалғайтын байланыс жолы; 34) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы; 35) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы; 36) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефон жалғанымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 36-1) қалааралық трафикті өткізу - қалааралық байланыс жолдары арқылы қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 36-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 36-2) қауіпсіздік сертификаты - шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36-3) тармақшамен толықтырылды 36-3) қорғалған байланыс - ақпаратты қорғаудың арнаулы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 36-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 36-4) қосарланған мақсаттағы тіреуіштер - телекоммуникация құралдарын және (немесе) өзге де инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық мақсаттағы құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары; 37) құпияландырылған байланыс - құпияландыру аппаратурасын пайдалана отырып қорғалған байланыс; 38) қызметтерге ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлемдер сомасы: тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғанымдардың тарифтеу бірліктерінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан; уақытына қарай құрамдас бөліктен - тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымы берілгені үшін төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі; 39) қызметтерге уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметтерге ақы төлеу жүйесі; 39-1) қысқа мәтінді және мультимедиалық хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі; 40) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын жалғайтын жерүсті (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе спутниктік байланыс жолы; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 40-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 40-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам; 40-2) 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 40-3) тармақшамен толықтырылды 40-3) мемлекеттік радиожиілік қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын; 41) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы; 42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі; 43) пошта байланысы - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ пошталық ақша аударымдары; 44) пошта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, пошта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 44-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 44-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 44-1) президенттік байланыс - Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған арнаулы электр байланысы; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Байланыстың мақсаты2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары 2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия9-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы15-2-бап. Байланыс операторларының сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестiгiн растау16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу19-бап. Телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi лицензиялау20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер 3-тарау. Байланыс желілері21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсi22-бап.22-1-бап.22-2-бап. Алып тасталды23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері24-бап. Пошта байланысы 4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу26-бап. Байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері 5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерініңорбиталық позицияларын қорғау және күзету27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету 5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау28-2-бап - 28-4-бап. Алынып тасталды28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң құқықтары28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі 6-тарау. Байланыс желілерін дамыту29-бап. Байланыс желілерін дамыту29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану 7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері32-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы34-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін субсидиялау 8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру36-2-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу 9-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері37-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен әлiпбилердi пайдалану38-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру уақыты39-бап. Халықаралық ынтымақтастық39-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі39-2-бап. Байланыс қызметтерін көрсету 10-тарау. Қорытынды ережелер40-бап. Байланыс операторлары мен байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың жауапкершiлiгi41-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы |