|
|
|
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2020.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8116 тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 2) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 50 «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9103 тіркелген, 2014 жылғы 27 наурыздағы № 59 (28283) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |