|
|
|
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы (2024.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 99 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.29.04. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспарлау жүйесі жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) - бұл ұзақмерзімді (5 жылдан астам) және ортамерзімді (бір жылдан қоса алғанда 5 жылға дейін) кезеңдерге арналған құжаттардан, қатысушылардан, процестер мен деректерді басқару қағидаттары мен элементтерінен тұратын өзара байланысқан құрамдастар кешені. Мемлекеттік жоспарлау әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту және ресурстарды оңтайлы бөлу жөніндегі шараларды, нәтижелерге қол жеткізу тәсілдерін қалыптастыру және міндеттерді шешу жөніндегі қызметті қамтиды. 2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) адамға бағдарлану - мақсаттардың, міндеттер мен нәтижелер индикаторларының халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |