Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы (2024.14.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) және 12-2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.29.08. № 385-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18859 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|