Кәсіптік ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандарын және оларды ұсыну мерзімділігін бекіту туралы (2016.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Қаржы министрінің 2016.17.06. № 320 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы есеп нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп нысаны; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп нысаны; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп нысаны. ҚР Қаржы министрінің 2016.17.06. № 320 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Бухгалтерлердің кәсiби ұйымдары, бухгалтерлерді сертификаттау жөнiндегi ұйымдар есептілігін электронды форматта ұсынады. 2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|