Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы (2023.10.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.16.09. № 965 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес; 5) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес; 6) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес; 7) пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.26.01. № 68 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|