Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы (2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Үлгі ереже) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 377 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар: 1) осы Yлгі ережеге сәйкес тиісті құрылымдық бөлімшелердің ережелеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін; 2) өзінің аумақтық бөлімшелерінің заң қызметтерін нығайтуды қамтамасыз етсін, заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру әрі республикалық және өңірлік деңгейде заңдылық режимін нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлесін; 3) қабылданатын актілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды күшейтсін және алқа отырыстарында құқықтық жұмыстың жай-күйін кезең-кезеңмен қарасын. ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі: 1) басқару ақпаратымен алмасу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындау туралы үнемі еске салу, заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы ақпарат беру арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етсін; 2) ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік басқару органдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 624 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 17, 187-құжат); 2) «Қазақстан Республикасының министрліктерінде, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметінің жай-күйін жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 18, 152-құжат); 3) «Орталық және жергілікті атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 868 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 26, 303-құжат). 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 377 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «кесімдерінің», «кесімдердің», «кесімдеріне», «кесімдерде» деген сөздер тиісінше «актілерінің», «актілердің», «актілеріне», «актілерде» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Үлгі ереже орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтерін (бұдан әрі - заң қызметтері) ұйымдастыруға және олардың қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Заң қызметтерін заңнамаға сәйкес бекітілген штат санының лимиттері шегінде дербес құрылымдық бөлімшелер ретінде мемлекеттік органдар құрады. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 377 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Заң қызметтерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту; құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.
2. Заң қызметтерін ұйымдастыру туралы
4. Тиісті заң қызметтеріндегі лауазымдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңгерлік білімі бар адамдар тағайындалады. 5. Мемлекеттік органның өзін қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, заң қызметтерін таратуға жол берілмейді. 6. Заң қызметтері өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Үлгі ережені басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік органда бөлінген бюджет қаражатының шегінде заң қызметтерінің тиімді және сапалы қызметі үшін мыналарды қоса алғанда, тиісті жағдай жасалады: жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөніндегі мерзімді баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетімен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтік құқықтық актілердің электрондық қорымен қамтамасыз ету; заң қызметтері қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру, оның ішінде әділет органдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заң қызметтері қызметкерлерін жүйелі түрде тағылымдамадан өткізу үшін тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру; заң қызметтері қызметкерлерінің санын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5%-ы болатындай қамтамасыз ету. Орталық аппаратының штат саны 500 және одан көп бірлікті құрайтын мемлекеттік органдарға қатысты 5%-ды есептеу 500-ден жүргізіледі.
3. Заң қызметтерінің қызметі туралы
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.25.12. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.03. № 377 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 236 Қаулысымен (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Заң қызметтері: сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді; мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады; Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларының өтуі кезінде, сондай-ақ Үкімет Аппаратында Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастама жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Үкімет Аппаратында және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде міндетті түрде қатысады; Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысады; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды; мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады; заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындайды; мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады; мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ мемлекеттік органның аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда осы Үлгі ереженің 8-3-тармағында баяндалған келісу тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасы көзделмей қабылданған сот актісіне барлық сатыдағы соттарға шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1. Осы Үлгі ереженің 8-тармағының он бірінші абзацына сәйкес ұсынылатын мемлекеттік органның ақпараты: 1) келісілуге жіберілген Заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының (бұдан әрі - жобалар) және мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) санын; 2) ескертулерсіз, «әдепкі қалпы бойынша» келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын; 3) ескертулермен келісілген, келісуден бас тартылған және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА-ның ескертулердің сипаты бойынша: Конституцияға қайшы келетін; жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін; бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін; редакциялық ескертулер; заң техникасы бойынша ескертулер деп бөлінген санын; 4) норма шығармашылық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ақпаратты қамтуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды 8-2. Әділет министрлігі жартыжылдық қорытындысы бойынша берілген ақпаратты талдайды және жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға қорытылған ақпаратты жібереді. Қорытуда осы Үлгі ереженің 8-1-тармағында көзделген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдары бар қорытындыны талдау қамтылуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен 8-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) 8-3. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын міндетті түрде келісу (бұдан әрі - келісу) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады; 2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады; 3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен келісуді жүзеге асырады; 4) аумақтық департаменттердің аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық департаменттерімен келісуді жүзеге асырады; 5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі құрған, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімдерімен немесе осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес өзге тұлғамен келісуді жүзеге асырады; 6) аудан әкімдері тиісті облыс әкімдерімен келісуді жүзеге асырады; 7) қаладағы аудан әкімдері қаланың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті әкімдерімен келісуді жүзеге асырады; 8) ауылдық округтің, кенттің және ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың әкімдері тиісті аудан әкімдерімен келісуді жүзеге асырады. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай құрылымын құрайтын филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары және ұйымдары өздері апелляциялық шағым немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда келісу жөніндегі талаптар қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің өздері апелляциялық шағым немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда келісу тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау (бұдан әрі - сұрау) тиісті орган басшысының қолы қойылып жазбаша нысанда жіберіледі. Сұрауға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген апелляциялық шағымның немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттың жобасы қоса беріледі. Сұрау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген апелляциялық шағым немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру мерзімдері өткенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда жіберіледі. Сұрауды келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі сот актісіне шағымдану жөніндегі заңнамада көзделген негіздердің болуы тұрғысынан қарайды. Келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес келісуші органның басшысына немесе өзге тұлғаға сот шешіміне апелляциялық немесе кассациялық шағымдану құқығын келісу немесе мұндай келісуден бас тарту туралы ұсыныс енгізеді. Келісу туралы шешімдерді келісуші органның басшысы қабылдайды. Келісу туралы шешім қабылдау немесе келісуден бас тарту жөніндегі өкілеттік осындай орган басшысының тиісті шешімімен келісуші орган басшыларының орынбасарларына, аппарат басшыларына және (немесе) заң қызметі басшысына жүктелуі мүмкін. Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлға сұрау келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті шешім қабылдайды. Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім сұрауды жіберген органға осындай шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлғаның қолы қойылып жазбаша нысанда жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді 9. Заң қызметтері: осы Yлгі ереженің 8-тармағына сәйкес өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға; мемлекеттiк орган басшысының немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысының келiсiмiмен Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң жобаларын және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн басқа құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн тартуға құқылы. 10. Басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды заң қызметтерімен алдын ала келіспестен мемлекеттік органдарға келісуге жіберілмейді. ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 10-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-1. Әділет министрлігіне заңдық сараптама жүргізу үшін келісуге жіберген кезде заң жобалары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы тұлғаның) мемлекетті органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып келісіледі. 11. Осы Үлгі ережеге сәйкес заң қызметтеріне олардың қызметіне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.
4. Заң қызметтері қызметкерлерін материалдық ынталандыру туралы
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы сыйлықақы берудiң қолданылып жүрген жүйесiн және бар мүмкiндiктердi ескере отырып, заң қызметiнiң қызметкерлерiне қосымша материалдық ынталандыру белгiлеуге құқылы.
|