Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы (2020.17.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2018.28.09. № 395 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2020.09.04. № 134 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Энергетика министрінің 2016.24.10. № 456 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жолдауын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|