Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы (2018.25.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысаны бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті: 1) осы бұйрықты орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, аумақтық әділет органдарының назарына жеткізсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2018.25.09. № 1446 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығына 1-қосымша
нысан
_____________________________________________________________________ (нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы) анықтама-негіздеме
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|