Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2015.16.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚРы Әділет министрінің 2015. 16.07. № 396 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың және сот сараптамасын бір реттік тәртіпте жүргізетін басқа да адамдардың сот сараптамасы объектілерін ұсынудың, қабылдаудың, есепке алудың, сақтаудың және кері қайтарудың тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|