«Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы және
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 1-тармақтың екінші бөлігінің 7) тармақшасы алып тасталсын; 4-тармақ «сүт және сүт өнімдеріне,» деген сөздерден кейін «сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге,» деген сөздермен толықтырылсын; 4-7-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын; 5-тармақтың 54) тармақшасы алып тасталсын; 37-тармақ алып тасталсын; 51-тармақтың екінші бөлігінде «Сүт консервілерін, құрғақ» деген сөздер «Құрғақ» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) «Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 541 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 282-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 2-тармақтың екінші бөлігінде: «консервісі» деген сөз алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|