Осы редакция 2020 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.28.04. № 103 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына 4-қосымша
Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (2019.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды. 2. Арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады. 3. Техникалық көмек мүгедектердi бөлмеде жүріп-тұруға және (немесе) серуендеуге арналған кресло-арбалармен (бұдан әрі - кресло-арбалар) қамтамасыз етуден тұрады. 4. Мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі - өтініш), халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) негiзiнде жүзеге асырылады. 5. Жұмыс берушінің кiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен ОЖБ-ға сәйкес қамтамасыз етіледi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|