«Босқындардың жол жүру құжаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Босқындардың жол жүру құжаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11202 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жол жүру құжаттарын беру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жол жүру құжатын беру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол жүру құжатын беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|