Жол жүру құжаттарын беру қағидаларын бекіту туралы (2020.30.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.30.03. № 264 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ішкі істер министрінің 2020.30.03. № 264 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жол жүру құжатын беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.30.03. № 264 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 391 бұйрығымен бекітілген
Жол жүру құжатын беру қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|