Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбір мәселелерi туралы
Осы редакция 2020 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 420 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.01.08. № 565 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: 1) 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны; 2) 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиті бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын. ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 420 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.01.08. № 565 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері: 1) жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн; 2) осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 420 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.01.08. № 565 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалада аудандары бар облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi қаладағы аудандардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн. 5. Аудан әкiмдерi аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн. 6. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.28.07. № 785 (бұр. ред. қара); 2005.27.12. № 1294 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2007.30.07. № 643 (бұр.ред.қара); 2008.22.04. № 377 (бұр.ред.қара); 2008.05.05. № 417 (бұр.ред.қара); 2008.18.09. № 855 (бұр.ред.қара); 2008.28.11. № 1107 (бұр.ред.қара); 2008.20.12. № 1189 (бұр.ред.қара); 2009.02.02. № 103 (бұр.ред.қара); 2009.09.07. № 1041 (бұр.ред.қара); 2009.23.10. № 1655 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.06.11. № 1768 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.23.12. № 2164 (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2255 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.07.04. № 290 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.07. № 734 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.10. № 1136 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.08.09. № 1029 Қаулысымен шектi саны жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.02. № 262 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.06. № 874 Қаулысымен (бұр.ред.қара) шектi саны өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.11. № 1436 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.04. № 411 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.24.07. № 826 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 1397 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.16.02. № 63 Қаулысымен (2015 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.20.11. № 931 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.31.10. № 638 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.08.12. № 782 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.30.01. № 25 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.04. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.11.07. № 420 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2019.01.08. № 565 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына 1-қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны
Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан аз аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс. * Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.31.05. № 496 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.04. № 411 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына 2-қосымша
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары штат санының лимитi
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативі
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларының лауазымдары енгізіледі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешімдерінің тiзбесi
1. «Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарларының шектi саны туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi № 985 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 шілдедегi № 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 5 наурыздағы № 275 қаулысы. 3. «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерінің кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысының 2-тармағы. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 шілдедегi № 985 және 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 115 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 шілдедегi № 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 246 қаулысы. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 шілдедегi № 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 шілдедегi № 747 қаулысы. 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 шілдедегі № 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 784 қаулысы. 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегi № 985 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 1292 қаулысы.
|