Қазақстан Республикасының (2023.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Конституциялық заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Орталық қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары және оны реттеу 3-бап. Орталықтың аумағында жүзеге асырылатын қызмет және оның қатысушылары 4-бап. Орталықтың қолданыстағы құқығы 5-бап. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері және валюталық реттеу 5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті 6-бап. Орталықтың аумағындағы салық режимі 7-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі 8-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту 10-бап. Орталықты басқару жөніндегі кеңес 12-бап. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті 14-бап. Халықаралық төрелік орталығы 16-бап. Орталық актілерінің тілі 17-бап. Құжаттаманы жүргізу тілі 18-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру тілі 22-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-бап. Осы Конституциялық заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Конституциялық заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ; 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) қор биржасы - Орталықта қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 3) лицензиялау - лицензияның болуын талап ететін қызметті Орталықтың аумағында жүзеге асыруға рұқсат берумен байланысты іс-шаралар кешені; 4) Орталықтың актісі - Орталықтың органы қабылдаған, Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының, және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін жазбаша ресми құжат; 5) Орталық қатысушылары - Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ Орталық аккредиттеген өзге де заңды тұлғалар; 6) Орталық қатысушысының немесе органының жұмыскері - Орталық қатысушысымен немесе органымен еңбек қатынастарында тұратын, міндеттеріне Орталық қатысушысының немесе органының негізгі міндеттерін және мақсаттарын іске асыру кіретін жеке тұлға; 7) Орталық қатысушысы немесе органы жұмыскерінің отбасы мүшелері - Орталық қатысушысы немесе органы жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) және олардың он сегіз жасқа толмаған балалары; 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімі - Орталықтың құрылған және қызметін тоқтатқан органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе; 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) сәйкестендіру нөмірі - Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі нысанында қалыптастырылатын, Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімінде оларға қатысты мәліметтер туралы жазбалар жасауға мүмкіндік беретін бірегей нөмір.
2-бап. Орталық қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары және оны реттеу 1. Орталықтың мақсаты жетекші халықаралық қаржылық қызметтер көрсету орталығын қалыптастыру болып табылады. 1) қаржылық қызметтер көрсету саласына инвестициялау үшін тартымды орта жасау арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу; 2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету; 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасында сақтандыру, банктік қызметтер көрсету, исламдық қаржыландыру нарығын, қаржылық технологияларды, электрондық коммерция мен инновациялық жобаларды дамыту; 4) озық халықаралық практикалар негізінде қаржылық және кәсіби қызметтер көрсетуді дамыту; 5) қаржы орталығы ретінде халықаралық танылуды иемдену болып табылады. 3. Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) Орталық қатысушылары қызметінің тиімділігі; 2) Орталық және оның қатысушылары қызметінің ашықтығы; 3) Орталық қатысушыларының адалдығы; 4) Орталық қатысушыларының қаржылық қызметтер көрсетудегі кәсібилігі; 5) Орталық қатысушыларының қызметінде халықаралық стандарттар мен үздік халықаралық практикаларды қолдану. 4. Орталықты реттеу Орталықтың және оның қатысушыларының тәуелсіздігі қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап. Орталықтың аумағында жүзеге асырылатын қызмет және оның қатысушылары 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Заңды тұлғаларға қойылатын талаптар және оларды Орталықтың қатысушылары ретінде аккредиттеу тәртібі, олардың Орталықтың аумағында жүзеге асыруға жол берілетін қызметінің түрлері, лицензиялау тәртібі және Орталықтың қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ Орталықтың аумағында заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары Орталықтың актілерінде айқындалады. 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін қалыптастырылатын сәйкестендіру нөмірлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын сәйкестендіру нөмірлерімен тең танылады және қолданылады. 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды 1-2. Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін, Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру тәртібін Орталықты Басқарушы айқындайды. 2. Орталықтың аумағында бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналымға жіберу, сатып алу және өтеу тәртібін Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді. Орналастырылуы және (немесе) айналымға жіберілуі қор биржасында жүзеге асырылатын өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналымға жіберу, сатып алу және өтеу тәртібін қор биржасы белгілейді.
4-бап. Орталықтың қолданыстағы құқығы 1. Орталықтың қолданыстағы құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан: 2) осы Конституциялық заңмен берілген өкілеттіктер шегінде Орталықтың органдары қабылдайтын, Англия және Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуі мүмкін Орталықтың осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін актілерінен; 3) осы Конституциялық заңмен және Орталықтың актілерімен реттелмеген бөлігінде қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығынан тұрады. 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Орталықтың актілерін әзірлеу, уәкілетті органдармен келісу, тіркеу, қолданысқа енгізу, жариялау, өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтату тәртібі Орталықтың актілерінде айқындалады. 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Орталықтың органдары Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарды; 2) азаматтық-процестік қатынастарды; 5) Орталық органдарының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқылы. Орталықтың органдары осы Конституциялық заңда тікелей көзделген жағдайларда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген қатынастарды реттейтін актілерді қабылдайды. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды болғызбау мақсатында Орталықтың актілерінде Орталық қатысушылары үшін жекелеген шектеулер белгіленуі мүмкін. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Конституциялық заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
5-бап. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері және валюталық реттеу 1. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері шартта көзделген валютамен көрсетіледі және орындалады. 2. Қор биржасының сауда-саттығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері қор биржасының қағидаларында айқындалатын валюталармен көрсетіледі және орындалады. 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Орталықтың аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық операцияларды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталықтың актілерінде белгіленеді. 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, капитал қозғалысы операциялары солардың негізінде және (немесе) орындалуы үшін жүргізілетін валюталық шарттарды есептік тіркеу, шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беру талаптары, сондай-ақ жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету жөніндегі талаптар Орталық қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды. Мәліметтер тізбесіне және Орталық қатысушыларының тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталық актілерінде айқындалады. 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Орталықтың актілерінде Орталықтың қатысушыларына жүргізілетін операциялар туралы мәліметтер ұсыну бойынша қойылатын талаптар, сондай-ақ Орталықтың органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгіленеді.
2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-1-баппен толықтырылды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді) 5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті 1. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияны жүзеге асырған, сондай-ақ мынадай шарттарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Орталықтың инвестициялық резиденті болып табылады: Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін алғаш өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды; Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайды. 2. Инвестициялар тартуға бағытталған, инвестициялау көлемі мен құралдарын белгілейтін Орталық актісі Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы болып табылады. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша қабылданады.
6-бап. Орталықтың аумағындағы салық режимі 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы бапта белгіленген алып қоюларды қоспағанда, Орталықтың аумағындағы салық режимі Салық кодексінде айқындалады. 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Орталықтың органдары мен олардың ұйымдары Орталықтың актілерінде айқындалған шарттарды сақтаған кезде корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады. 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Цифрлық активтер биржасын қоспағанда, Орталық қатысушылары Орталықтың аумағында мынадай қаржылық қызметтерді көрсетуден алған кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады: 1) ислам банкінің банктік қызметтерін көрсету; 2) қайта сақтандыру қызметтерін көрсету және сақтандыру брокерлік қызметтерін көрсету; 3) инвестициялық қорлардың активтерін инвестициялық басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналымға жіберуді, сатып алуды және өтеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету; 4) брокерлік және (немесе) дилерлік, андеррайтингтік қызметтерді көрсету; 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалатын басқа да қаржылық қызметтерді көрсету. 4. Орталық қатысушылары Орталықтың органдарына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушыларына көрсетілетін заңдық, аудиторлық, бухгалтерлік, консалтингтік қызметтерді көрсетуден алған кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады. 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының мақсаттары үшін корпоративтік табыс салығынан босатылуға жататын және салық салуға жататын кірістердің, сондай-ақ шегерімге жатқызылатын шығыстардың бөлек есебін жүргізу тәртібі Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалады. 6. Орталық қатысушысының немесе органының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушысымен немесе Орталықтың органымен жасалған еңбек шарты бойынша Орталықтағы қызметтен түсетін кірістері бойынша жеке табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады. 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2015 ж. 20 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Жеке және заңды тұлғалар: 1) өткізу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен; 2) Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың акцияларын немесе Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен; 3) осындай дивидендтерді немесе сыйақыларды есепке жазу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар түрінде; 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың акциялары бойынша немесе Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері бойынша дивидендтер түрінде; 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді) 5) егер жеке тұлғалар Орталықтың инвестициялық резиденттері болып табылса және Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті деп танылса, Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден түсетін кірістері бойынша жеке және корпоративтік табыс салықтарын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады. Осы тармақшаны қолдану мақсатында Орталықтың инвестициялық резиденті Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде бюджетке міндетті төлем төлейді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдану мақсаты үшін қор биржасының ресми тізімдеріндегі бағалы қағаздар деп Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес айқындалған бағалы қағаздар түсініледі. Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережелері Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттығы жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерге қолданылады. 8. Орталықтың органдары және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушылары Орталықтың аумағында орналасқан объектілер бойынша мүлік салығын және жер салығын төлеуден босатылады. 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды 8-1. Мыналар: 1) Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде бюджет қаражатын алуы; 2) Орталық органдарының бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған ақшаны Орталық әкімшілігінен алуы қосылған құн салығы салынатын өткізу бойынша айналым болып табылмайды. 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-2-тармақпен толықтырылды 8-2. Орталық қатысушыларының осы баптың 3-тармағында көзделген көрсететін қызметтері қосылған құн салығынан босатылады. 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-3-тармақпен толықтырылды 8-3. Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер, егер жұмыстар мен қызметтер Орталықтың органдарына және (немесе) олардың ұйымдарына орындалса және көрсетілсе, бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды. 9. Салықтық әкімшілендіру және Орталықтың органдарына және қатысушыларына салық салу мәселелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының Орталықтың органдарымен және қатысушыларымен өзара іс-қимылы Орталық органдарының және мемлекеттік кіріс органдарының бірлескен актілерінде айқындалады.
7-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі 1. Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар келу визасын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келген кезде алады. 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Орталық қатысушыларының немесе органдарының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Орталықтың инвестициялық резиденттері және олардың отбасы мүшелері бес жылға дейін қолданылу мерзімімен келу визасын алады. 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді) 2-1. Орталықтың инвестициялық резиденттеріне визаларды беру, жою, қайта қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімін қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық әкімшілігінің өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады. 3. Орталық әкімшілігінің өтінішхаты бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдарға визалардың қолданылу мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс шықпай жүзеге асырылуы мүмкін. 4. Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен келісу бойынша Орталықтың органдары айқындайды. 5-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Малайзияның, Сингапур Республикасының және Монако Княздігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын елдердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен визасыз келу құқығын алады.
8-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту 1. Орталық қатысушылары және органдары Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды рұқсат алмай тартуға құқылы. Орталық қатысушылары және органдары тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат алу міндетінен босатылады. 2. Орталық қатысушылары және органдары әрбір тартылған жұмыскер бойынша олардың жоғары біліктілігін растайтын құжаттарының болуы және оларды сақтауы міндетті, ал тартылған шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның Орталық қатысушысына немесе органына оларды ұсынуы міндетті. Шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның жоғары біліктілігін растайтын құжаттардың тізбесін Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті айқындайды. 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Орталықтың әкімшілігі Орталық қатысушылары және органдары тартқан шетелдік жұмыс күшінің есебін жүргізеді. Тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді Орталықтың әкімшілігі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын мәліметтердің құрамы, оларды ұсыну мерзімділігі мен тәртібі Орталық әкімшілігінің және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады. |
Содержание 1-бап. Осы Конституциялық заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Орталық қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары және оны реттеу3-бап. Орталықтың аумағында жүзеге асырылатын қызмет және оның қатысушылары4-бап. Орталықтың қолданыстағы құқығы5-бап. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері және валюталық реттеу5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті6-бап. Орталықтың аумағындағы салық режимі7-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі8-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту9-бап. Орталықтың органдары10-бап. Орталықты басқару жөніндегі кеңес10-1-бап. Орталықты Басқарушы11-бап. Орталықтың әкімшілігі12-бап. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті13-бап. Орталықтың соты14-бап. Халықаралық төрелік орталығы15-бап. Орталықтың тілі16-бап. Орталық актілерінің тілі17-бап. Құжаттаманы жүргізу тілі18-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру тілі19-бап. Сот ісін жүргізу тілі20-бап. Мәмілелер тілі21-бап. Өтпелі ережелер22-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі |