Қазақстан Республикасының (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі 2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары 2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ 6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері 7-бап. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы 9-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі 4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ 11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы 12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары 13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртібі мен шарттары 14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту 15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары 16-бап. Судья лауазымына конкурс 18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі 20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары 22-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі 1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады. 3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады. 4. Кеңесті және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кеңестің регламентімен регламенттеледі. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады. 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді. 9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың және судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес.
2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары Кеңес өз қызметін тәуелсіздік, заңдылық, алқалық, жариялылық және бейтараптық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі - аудандық сот) төрағасының, судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттар іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады: конкурстың қорытындылары бойынша аудандық соттың төрағасы мен судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; конкурстың қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды; халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларын өздерінің соңғы атқарған лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды; халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларын тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда, тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды; жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларын олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда, олардың өз қалауы бойынша тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды; Жоғарғы Соттың Төрағасын және сот алқаларының төрағаларын олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда, олардың өз қалауы бойынша төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды; тиісті сот қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайларда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда басқа сотқа ауысқан кезде жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларын тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды; тиісті сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, судьяларының саны азайтылған жағдайларда жергілікті және басқа соттардың судьяларын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда басқа сотқа ауысқан кезде судьяларды тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды; «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша қызметінен босатылған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларын, Жоғарғы Соттың Төрағасын және сот алқаларының төрағаларын тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда, тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды; судьялардың бос лауазымдарына конкурссыз тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады. 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды: облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 4) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды: Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді 5) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін отставка, отставканы тоқтату нысанында қарайды: сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың судьясы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; аудандық соттың судьясы лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның бір жыл мерзім өткеннен кейін жұмыс нәтижелерін қарайды және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселені шешеді; кәсіби жарамсыздығына орай немесе Жоғарғы Сот Төрағасының Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне негізделген ұсынуы бойынша, сондай-ақ судья өкілеттіктерін өз тілегі бойынша тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымынан босату мәселелерін қарайды; тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешімі негізінде Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты судья өкілеттіктерін тоқтатқан, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың шешімі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылған, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған, судья қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымынан босату мәселелерін қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының судья зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін оның судья лауазымында болу мерзімін ұзартуына келісім беру мәселесін қарайды; Қазақстан Республикасының Президентіне Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын лауазымынан босатуды ұсынады; Парламент Сенатына ұсынуды енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді; 6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) 6-1) Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады, оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етеді; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 7) Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағым жасау туралы судьялардың жолданымдарын қарайды; 8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады; 9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады; 10) сот жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді; 11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады; 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін алдын ала келіседі; 12) Кеңес регламентін бекітеді; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген адамдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады; 14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды; 15) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізуді ұйымдастырады; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 16) аудандық сот төрағасының, облыстық соттың төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) қалыптастырады; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 17) кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітеді; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 18) Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) 18-1) Кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамын бекітеді; 19) судьялыққа кандидаттардың психологиялық тесттен өту тәртібін айқындайды; 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды 19-1) судьяға куәлік беру тәртібін белгілейді; 20) Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережені бекітеді; 21) осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Кеңестің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін: 1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға; 2) тиісті лауазымды адамдардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етіп алдыруға; 3) Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқығы бар.
2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Кеңес құрамы 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа адамдардан тұрады. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымы бойынша Кеңес мүшелері болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа адамдарды да, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін. 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 2. Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы судьялар қатарынан кандидаттарды сайлайды және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңес мүшелері етіп тағайындауы үшін ұсыным жасайды. Кеңес құрамына судьялардың кандидатуралары Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында аудандық және облыстық соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары ұсыным жасаған кандидаттар қатарынан қаралады. Судьялар Кеңес мүшелерінің кемінде жартысын құрайды. 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 3. Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін үш жыл жүзеге асырады. Бұл ретте Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелерінің жартысы бір жарым жыл сайын қайта тағайындалады. 4. Кеңес мүшелерінің арасынан адам шығып қалған жағдайда, Кеңестің жаңа мүшесі үш ай ішінде тағайындалады. 5. Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқау кеңесінің құрамына кірумен, саяси партияның басшылық лауазымдарында болумен сыйыспайды. 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін, шетелдік сарапшыларды және заңгерлер жұртшылығының өкілдерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша міндеттерін орындаудан босатылады. 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Судьялар, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес Кеңеске бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі. Судьялар, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелері жалақы деңгейі бойынша Жоғарғы Сот судьяларына теңестіріледі. Судьялар, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелеріне екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі. 8. Кеңес мүшелері тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне ғана бағынады. 9. Кеңес мүшелері Кеңестің өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелерді шешу кезінде тең құқықтарға ие болады. 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 10. Кеңес мүшесінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мынадай негіздер бойынша тоқтатылады: 1) өз қалауы бойынша; 2) шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату; 3) кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы; 4) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; 5) айыптау үкімінің заңды күшіне енуі, қылмыстық істің сотқа дейінгі сатыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде тоқтатылуы; 6) қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; 7) судьяның өкілеттіктерін тоқтату; 8) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру; 9) Кеңес құрамына қосуға негіз болған мән-жайлардың қолданысының тоқтатылуы; |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары3-бап. Кеңестің өкілеттіктері 2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ4-бап. Кеңес құрамы5-бап. Кеңес Төрағасы6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері7-бап. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы 3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртібі мен шарттары14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары 5-тарау. АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ МЕН СУДЬЯСЫ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖӘНЕ СУДЬЯСЫ, ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ ШЫҒАРУ16-бап. Судья лауазымына конкурс17-бап. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі 6-тарау. ОБЛЫСТЫҚ СОТТАР ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ, ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАЛАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КАНДИДАТУРАЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ19-бап. Облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары 7-тарау. СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ЖӘНЕ СУДЬЯНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ21-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер22-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру23-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарау24-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |