Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы (2015.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 351-құжат); 2) «Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 990 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 404-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін Акт на право частной собственности на земельный участок
ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін Акт на право постоянного землепользования ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін Акт на право временного возмездного (долгосрочного, краткосрочного) землепользования (аренды)
ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін Акт на право временного безвозмездного землепользования
ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 369-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесінде: мәтіндегі «жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган (бұдан әрі - облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган)», «жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган», «облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган», «жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық органның» деген сөздер тиісінше «жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - облыстық жер қатынастары жөніндегі орган)», «облыстық жер қатынастары жөніндегі орган», «облыстық жер қатынастары жөніндегі органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта «жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган», «жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен» деген сөздер тиісінше «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақта «белгілеуді» деген сөз «белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «Жерді сақтап қою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 407-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді сақтап қою ережесінде: 5-тармақтағы «атқарушы органдар,» деген сөздерден кейін «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың екінші абзацында «аумақтық жер ресурстарын басқару» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық жер ресурстарын басқару» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтағы «аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 43, 464-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесінде: 2-тармақта: 7) тармақшаның екінші абзацында «жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақшада «жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын; «жергілікті атқарушы орган», «жергілікті атқарушы органның» деген сөздер тиісінше «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын; «жер ресурстарын басқару жөніндегі», «аумақтық» деген сөздер тиісінше «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі», «уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымшада: бірінші абзацта «жергілікті атқарушы» деген сөздер «жер қатынастары жөніндегі уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-бөлімнің 1-тармағында «Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-бөлімнің «Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері» деген кіші бөлімінде «жергілікті атқарушы» деген сөздер «жер қатынастары жөніндегі уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жерді пайдалану ережесі мен режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1269 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 47, 525-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жерді пайдалану ережесі мен режимінде: мәтіндегі «жер ресурстарын басқару» деген сөздер «жер қатынастары» деген сөздермен ауыстырылсын.
|