Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 наурызда жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 2) «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13584 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған): бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағыосы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|