Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығы (2024.25.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.30.10. № 34 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 2023.04.05. № 156-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.04.05. № 59 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5 және 6 тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 2023.04.05. № 156-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.04.05. № 59 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы. 2. «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 471 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11807 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|