|
|
|
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы (2005.22.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы № 1873-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн. 2 ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 771 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3 Алматы, Талдықорған, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы Ережеге сәйкес және жергiлiктi жағдайды ескере отырып, шекара аймағындағы шекаралық режим туралы шекара әскерлерiмен келісілген шешiмдер қабылдасын. Карантиндi орындау, сондай-ақ шекара нарядтары мен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң нарядтары қызмет атқаратын шекара аймағының шекарасын қажеттi белгiлермен және нұсқағыштармен жабдықтау жөнiнде мүдделi шаруашылықтардың, органдар мен мекемелердiң шаралар жиынтығын жүзеге асыруын қамтамасыз етсiн. 4. Шекара маңындағы аудан әкiмдерi, Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының шекара әскерлерiмен бiрлесе отырып, шекара аймағындағы елдi мекендерде, әуежайларда, темір жол және автомобиль стансаларына паспорт ережелерi сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың шекара аймағына келуiне, уақытша тұруы мен орын ауыстыруына ұдайы бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы Ережеде көрсетiлген министрлiктер мен ведомстволардың басшыларына «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеде көзделген нұсқауларды, тiзбелердi, ережелердi және басқа нормативтiк актiлердi 1993 жылдың аяғына дейiн әзiрлеп, бекіту мiндеттелсiн. Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң бас басқармасы: - жүзу құралдарын (мұзда жүрiп-тұру құралдарын) кеме аялдамасынан (тiректену орындарынан) шығаруға (түсiруге) және жүзу құралдары мен мұзда жүрiп-тұру құралдарының осындай аялдамаларын, айлақтарын және тiректену пункттерiн жабдықтау тәртібіне арналған құжаттарды ресiмдеу тәртібі туралы нұсқауды; Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттеріндегі режимдi (шекаралық, кедендiк) регламенттейтiн ереженi мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың келiсуiмен әзiрлеп, 1993 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн. 6. Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мүддесi үшiн әскери-қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олардың әуе кемелерiнiң ұшуын, республиканың аумағындағы азаматтық және әскери авиация әуежайларын пайдалануын Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі, Қазақ азаматтық авиация басқармасы, Қорғаныс министрлігі, Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология бас басқармасы белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, басқа да мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының ТМД-ға қатысушы көршiлес мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын құқықтық ресiмдеу туралы мәселенi алдын ала пысықтап, екiжақты шарттардың жобаларын әзiрлесiн және оларды келiсу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс ететiн болсын. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын шет мемлекеттерге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге белгiленген тәртiп бойынша жеткiзсiн. 8. Мыналардың: Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1983 жылғы 25 наурыздағы № 141-23 қаулысының; Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 14 қаңтардағы № 30-1 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды. 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi өткізудi Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес шекара әскерлерi жүзеге асырады. 2. Қазақстандық және шетелдiк әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының ұшып шығуына және олардың Қазақстан Республикасына ұшып кiргеннен кейiн қонуына шекара әскерлерiнiң бақылау өткізу пункттерi жоқ әуе жайларда (әуе кемелерi тұрақтарында) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң рұқсаты болғанда ғана жол берiледi. Қазақстандық әуе кемелерi бақылау-өткізу пункттерi жоқ әуежайлардан (әуе кемелерi тұрақтарынан) арнаулы халықаралық рейстердi орындаған кезде, сондай-ақ шетелдiк, қазақстандық және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң әуе кемелерi белгiленбеген жерлерде қонуға мәжбүр болған жағдайда, мұндай кемелердi бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң органдары әуежайлардың (әуе кемелерi тұрақтарының) әкiмшiлiгiмен немесе авиация бөлiмдерiнiң командашысымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Көлiк министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бекiтетiн арнайы нұсқамалар негiзiнде жүзеге асырады. 3. Шетелдiк әскери корабльдер мен әскери «көмекшi кемелер, егер халықаралық шарттарда (келісімдерде) өзгеше көзделмесе, бұл жөнiнде алдын ала шекара әскерлерiн хабардар етiп», Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімi бойынша және Қорғаныс министрлігінiң рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын басып өте алады, Қазақстан Республикасының iшкi сулары мен порттарына, шекаралық өзендерiнiң Қазақстандық бөлiгiнiң сулары мен өзге де су қоймаларына ене алады және бұл суларда бола алады. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң шекара әскерлерi бөлiмдерiнiң теңiз кемелерi осындай сулардан тысқары жерлерде басталған мемлекеттік шекараны бұзушыларды iздеуге, заңсыз балық аулау әрекетiн тоқтатуға байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзi мен iшкi суларына кiрiп, оларда бола алады, бұл жайында Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң бөлiмдерiне мәлiм етiледi. Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзi мен iшкi суларында жүзгенде және болғанда радио байланысы ережесін, навигациялық, порттық, кедендiк, санитарлық және өзге ережелердi сақтауға мiндеттi. Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнде, iшкi суларына кiруге мәжбүр болған жағдайда немесе бұл суларда жүзу мен болу ережелерiн мәжбүрлiкпен бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының жақындағы портының әкiмшiлiгiне дереу мәлiм етуге мiндеттi. 4. Шекаралық, кедендiк, сондай-ақ санитарлық-карантиндiк, мал дәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылауды, Қазақстан Республикасынан көркем, тарихи және басқа да мәдени құндылықтардың әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мәдениет министрлігі, Қаржы министрлігінiң Бас кеден басқармасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерi тиiсiнше шекара әскерлерiнiң бақылау-өткізу пункттерiн, кедендiк, санитарлық-карантиндiк, мал дәрiгерлiк, фитосанитарлық және өнертанымдық мекемелерi (бақылаушылар топтарын) құрады. Шетелдiк иегерлердiң иелiгiне жататын жүк автокөлiгi экипаждары мүшелерiнiң Қазақстан аумағы бойынша жүк тасуға рұқсаттары болуын бақылауды, осы жүк автокөлiгiнiң Қазақстан Республикасына келуi немесе Қазақстан Республикасынан кетуi кезiнде есебiн алуды жүзеге асыру үшiн Көлiк министрлігі қажеттi жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерiнде халықаралық автомобильдер тасымалының қызметiн құрады. 5. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі, «Қазақстан жолдары» компаниясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Экология және биоресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерiнде шекаралық, кедендiк, санитарлық-карантиндiк, мал дәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылауды Қазақстан Республикасынан (ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден) көркем, тарихи және басқа да мәдени құндылықтардың әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi үйлер мен коммуникацияларды жабдықтауды, адамдардың, көлiк құралдарының жүктер мен өзге де мүлiктiң Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтуiне бақылау жасауды жүзеге асыратын шекара әскерлерiнiң бақылау-өткізу пункттерiне кедендiк және басқа да мекемелердi орналастыруға арналған қызмет үйлерiн және коммуникациялар бөледi. 6. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен өзге мүлiктi оңайлата өткізу пункттерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісілген, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерiмен белгiленедi. Оңайлата өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленедi. 7. Көлiк ұйымдарының лауазымды адамдары шетел жаққа кетiп бара жатқан пломбыланған вагондарды, автомобильдердi, контейнерлердi, трюмдердi және теңiз, өзен мен әуе кемелерiнiң өзге де орындарын шекара әскерлерi өкiлдерiнiң талап етуi бойынша ашып көрсетуге мiндеттi. Арнайы рұқсат қағаздары ресiмделген пломбылаулы вагондарды, автомобильдердi, контейнерлердi, трюмдердi және жүгi бар көлiк құралдарының өзге де орындарын шекара әскерлерi буып-қаттауы, пломбылары мен мөрлерi бүтiн болған жағдайда, сондай-ақ бұларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзушыларды немесе Қазақстан Республикасына әкелу яки Қазақстан Республикасынан әкету үшiн тыйым салынған заттар мен материалдарды жасыру белгiлерi болмаған жағдайда ашпайды. 8. Қазақстан Республикасының аумағын малдың жұқпалы ауруларынан күзету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының өн бойында карантин алқабы белгiленедi, онда мал дәрiгерлiк қадағалау органдарының ұсынысы бойынша шекаралық әскерлер эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға байланысты кәсiпорындарға, ұйымдар мен азаматтарға қарасты малды ұстау мен жаюға тыйым салуы мүмкiн. Бұған мемлекеттік шекарада тiкелей тұратын (жұмыс iстейтiн) азаматтардың, сондай-ақ карантин алқабында орналасқан шекара әскерлерi бөлiмшелерiнiң малын (үй жануарларын) ұстау мен жаю кiрмейдi. Карантин алқабын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi. Оны қоршауды атқару өкіметінiң органдары шаруашылықтар мен ведомстволар қамтамасыз етедi. Ондағы мал дәрiгерлiк режимдi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе оның тапсыруы бойынша шекаралық облыстардың мал дәрiгерлiк қадағалау органдары айқындайды. 9. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы шекара алқабы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ұсынысы бойынша белгiленедi, шекара алқабының енi ахуал мен жергiлiктi жағдайдың ерекшелiктерiне қарай Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. 10. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi немесе оның тапсыруы бойынша шекаралық облыстардың әкiмдерi жергiлiктi жағдайды ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, республиканың басқа да заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң келiсуi бойынша шекара аймағы мен шекара алқабындағы режим туралы қаулылар мен шешiмдер басып шығарады. 11. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мемлекеттік шекараны күзетудiң қажеттiлiгi, инженерлiк бөгеттер тұрғызу, шекаралық жолдар, көпiрлер мен басқа да объектiлердi салу үшiн шекара әскерлерiне оларға бұрын бөлiнген жерлердi, сондай-ақ шекара алқабынан да, одан тысқары жерлерден де енi 30-50 м. жер алқабын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының өн бойынан 5 метрлiк алқапты тұрақты түрде пайдалануға тегiн бекiтедi. 12. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi республиканың мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттік комитеттерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып, iшкi iстер органдары берген өткізу қағазынсыз шекара аймағында жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша кiруге құқы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 12.07.00 ж. № 1063 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 13. Шекара аймағында тұрақты тұратын азаматтар бүкiл шекара аймағының шегiнде Қазақстан Республикасының шекаралық облыстарының аумағында iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз; өткізу қағаздарынсыз жүрiп тұра алады. 14. Оқуға кеткенге дейiн шекаралық аймақ пен шекаралық алқаптың елдi пункттерiнiң тұрғындары болып келген жоғары, арнаулы орта және басқа оқу орындарының оқушылары, студенттерi бұл пункттерге олардың оқу орындарында оқитындығын куәландыратын құжаттар бойынша, олардың шекара аймағы мен шекара алқабы елдi пункттерiнен оқуға кеткендiгiн растайтын жергiлiктi атқару органдарының анықтамалары бойынша келедi. 15. Қазақстан Республикасының азаматтарына шекара аймағына келу, онда болу құқығына өткізу қағазын жеке арыздар немесе тиiстi өтiнiштер және сол арыздар мен өтiнiштердiң негiздiлiгiн растайтын құжаттар негiзiнде тұрған жерi бойынша Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары бередi. Басқа мемлекеттердiң тұрғындары шекара аймағына, егер халықаралық шарттар мен келісімдерде өзгеше көзделмесе, жеке арыздары және сол арыздарының негiздiлiгiн растайтын басқа құжаттар негiзiнде тұрған жерi бойынша тиiстi iшкi iстер органдары берген рұқсат қағаздары бойынша келедi. Шекара аймағының тұрғындары болып табылатын, бiрақ одан уақытша кеткен 16 жасқа дейiнгi балалар ата-аналарынсыз (қамқоршыларынсыз) жүрген кезде бұл аймаққа тууы туралы куәлiктерi бойынша, ал бұлар болмай қалғанда - олардың шекара аймағында тұратындығын растайтын жергiлiктi атқару органдарының анықтамалары бойынша келедi. Шекара аймағының тұрғындары болып табылатын балалар оған ата-аналарымен (қамқоршылармен) бiрге келедi де сол адамдардың рұқсат қағаздарына енгiзiледi. 16. Азаматтар тобы колхоздардың (совхоздардың) ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткізуiне, маусымдық теңiз және өзен кәсiпшiлiгiне көмектесу үшiн, малды жайылымдарға айдап апару, құрылыс, iздестiру және өзге жұмыстарды жүргiзу үшiн, сондай-ақ туристер тобы, артистер бригадалары және шекара аймағында тұрмайтын азаматтардың басқа да ұжымдары шекара аймағына келгенде өткізу қағазы топ жетекшiсiнiң атына берiлуi мүмкiн, онда бiрге келген адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар мен келген жердегi мүдделi кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (колхоздарды қосқанда) лауазымды адамдары қол қойып растаған әрi елтаңбалы мөр басылған жетекшiнiң қолындағы атаулы тiзiм бойынша олардың саны көрсетiледi. 17. Шекара аймағында, шекара алқабында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiктiң кез келген нысанындағы) басшыларына шекара аймағына, шекара алқабына келуге және осы аймақта, алқапта тұруға рұқсаты жоқ адамдарды жұмысқа қабылдауға тиым салынады. 18. Қызметтiк iс-сапарына, ауруханаларға, санаторийлерге, демалыс үйлерiне, пансионаттарға, басқа да емдеу-сауықтыру мекемелерiне баратын Қазақстан Республикасының, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң азаматтары шекара аймағында iс-сапар куәлiктерi, бағыттамалар, жолдамалар (курсовкалар) бойынша, жеке басын куәландыратын құжаттар болғанда келедi. 19. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң (соның iшiнде республикалық ұланның, темір жол, құрылыс және басқа арнайы құрамалар мен бөлiмдердiң), әскерлердiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен соттарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары шекара аймағына олардың жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және қызметтiк ұйғарымдар, өту куәлiктерi, iс-сапары мен демалыс құжаттары бойынша келедi. Аталған адамдардың отбасы мүшелерi шекара аймағына отбасының қожасымен бiрге келерде оның қызметтiк ұйғарымына немесе демалыс билетiне жазылады, ал аталған адамдарға өз бетiмен барушылар - жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және отбасы қожасының қызмет орны берген анықтамалар бойынша келедi. Бұл баптың ережелерi ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскерлерiнiң, қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының әскери қызметшiлерi мен олардың мүшелерiне де қолданылады. 20. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен (соның iшiнде Республикалық ұланнан, темір жол, құрылыс және басқа арнайы құрамалар мен бөлiмдерден), әскерлер мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарынан, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiнен босаған әскери қызметшiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен соттарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарынан босаған қатардағы және басшы құрамының адамдары, егер олар осы жерден шақырылған болса немесе онда жақын туысқандары болса, шекара аймағына қызметтiк ұйғарымдары немесе өту куәлiктерi бойынша келедi, ал мiндеттi әскери қызметке шақырылған адамдар шекара аймағына тиiстi әскери комиссариаттардың олардың баратын пунктi көрсетiлген жiберiлген атаулы тiзiмдерi мен ұйғарымдары бойынша келедi. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң әскерлерiнен, қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарынан босаған әскери қызметшiлерi шекара аймағына, егер олар сол жерден шақырылған болса немесе жақын туысқандары болса, қызметтiк ұйғарымдар немесе өту куәлiктерi бойынша келедi. 21. Жергiлiктi және халықаралық тасымалдауды жүзеге асырушы яки темір жолдар мен тас жолдары, су жолдарын, тиiстi көлiк құралдарын, сондай-ақ мұнай құбырларын, байланыс пен электр қуатын беру желiлерiн жөндеу мен пайдалануды қамтамасыз ететiн кәсiпорындардың, ұйымдардың тұрақты қызметкерлерi шекара аймағына қызмет қажеттiлiгi жағдайында, осы қызметкерлер үшiн белгiленген еңбек мiндеттерi мен жұмыс учаскелерiнiң (рейстерiнiң, маршруттарының) шегiнде өздерiнiң қызметтiк куәлiктерi бойынша келедi. 22. Қазақстан Республикасы мен шекаралық облыстардың халық депутаттары, шекара аймағының аумағы ведомстволық жағынан бағынышты облыстық атқару органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары халық депутаттарының куәлiктерi немесе қызметтiк куәлiктерi бойынша келедi. 23. Шекара аймағына орналасқан балалардың (мектептердiң) сауықтыру мекемелерiне баратын балалар бұл аймаққа ұйымдасқан түрде, өту қағаздары немесе iс-сапар құжаттары бар өздерiн алып жүрушi адамдармен өту қағаздарынсыз келедi. Аталған балалар мекемелерiне орналасқан балалардың ата-аналары балаларына жолығу мақсатында шекара аймағына жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және балалар мекемелерiне жолдама берген кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың анықтамалары бойынша келе алады. 24. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және жеңiлдiктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдардың арасындағы мүгедектер шекара аймағына олардың жеке басын куәландыратын құжаттар және Ұлы Отан соғысына қатысушы куәлiктерi (жеңiлдiктер алу құқығы туралы куәлiктер және мүгедектiгi туралы құжаттар) бойынша келедi. Туысқандарының қайтыс болу (науқастану) жағдайы бойынша шекара аймағына баратын азаматтар осы аймаққа олардың жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және емдеу мекемелерi растаған тиiстi телеграммалар (анықтамалар) бойынша, туысқандарының жерленген жерiне барған кезде - жергiлiктi атқару органдарының анықтамалары бойынша келедi. 25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша келген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шекара аймағына, соның iшіндегі шекара маңы аймағындағы еркiн экономикалық аймаққа (қалаға) келуi және онда болуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Барлық жағдайда олардың шекара аймағына келуi мен онда болуына рұқсатты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсу бойынша iшкi iстер органдары бередi. Қазақстан Республикасының азаматтары, соның iшiнде шетелде тұрақты тұратын, шетел азаматтығын алған олардың отбасының мүшелерi шекара аймағында тұратын туысқандары мен таныстарына жолығу үшiн барғанда бұл аймаққа жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және аталған туысқандары мен таныстарының жергiлiктi атқару органдары растаған шақырулары немесе телеграммалары бойынша келедi. Қызмет, қоғамдық, жеке iстерi бойынша, емделуге және демалуға немесе туристер ретiнде шетелдерге барған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына келген кезде шекара аймағына орналасқан өзiнiң тұрақты тұратын жерiне шетелдiк паспорттар немесе ұлттық паспорттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қайтуы жөніндегі куәлiктерi бойынша барады. 26. Шекара аймағына баратын адамдар тиiстi пунктiне келісімен үш күн мерзiм iшiнде өзiнiң құжаттарын тiркеу немесе тiркелiм жасау үшiн iшкi iстер органдарына немесе жергiлiктi өкiмет органдарына тапсыруға мiндеттi. 27. Шекара аймағы шегiнде әкiмшiлiк орталықтары, мектептерi, ауруханалар, басқа мекемелер, кәсiпорындар (бiрлескен, шаруа) және ұйымдар, колхоздар (фермерлiк, жалгерлiк, шаруа шаруашылықтары) еркiн экономикалық аймақтың (қаланың) шаруашылық құрылымы орналасып, ал оларға қызмет көрсететiн азаматтардың бiр бөлiгi шекара аймағынан тысқары жерде тұрған жағдайда, бұл азаматтарға олардың жеке басын және сол жерде жағдайда тұратынын растайтын құжаттар бойынша келуге рұқсат етiледi. Тиiстi жерлердiң тiзбелерiн шекара әскерлерiнiң келiсуi бойынша шекаралық облыстардың өкiмет пен басқару органдары белгiлейдi және жергiлiктi халық хабардар етiледi. 28. Сотталған немесе бас еркiнен айыру орындарынан мiндеттi түрде еңбекке тартуға шартты түрде босатылған адамдардың шекара аймағы шегiне келуi жалпы белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 29. Шекара аймағына психоневрологиялық диспансерлер (ауруханалар) мен еңбекпен түзеу мекемелерiн орналастыруға, әдетте, жол берiлмейдi. 30. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен, Көлiк министрлігімен, теңiз және өзен көлiгi басқармасының органдарымен бiрлесе отырып, шекара аймағында орналасқан темір жол стансаларының, разъездерiнiң және басқа тоқтату пункттерiнiң, автостансаларының, темір жол және өзен порттарының, порт-пункттерi мен айлақтарының, аэропорттар мен аэродромдардың тiзбелерiн, сондай-ақ аталған пункттерге бару үшiн азаматтардың жол жүру құжаттарын ресiмдеу тәртібі туралы және темір жол, әуе, теңiз, өзен және автомобиль көлiгi қызметкерлерiнiң шекара аймағына келу құқы жөніндегі жолаушылардың құжаттарын тексеру тәртібі туралы нұсқамаларды бекiтедi. 31. Көлiк кәсiпорындары мен ұйымдары iшкi iстер органдары берген жеке басын куәландыратын құжаттарды және шекара аймағына баруға құқық беретiн өткізу қағазын немесе шекара аймағына өткізу қағазынсыз баруға құқық беретiн тиiстi құжаттарды көрсетуi бойынша жолаушыларға шекара аймағында орналасқан стансаларға, порттарға, айлақтарға және аэропорттарға деген теміржолмен, автомобильмен, теңiзбен, өзенмен және әуе көлiгiмен жүру үшiн билеттер сатады және қызметтiк жүрiп-тұру билеттерiн бередi. Шекара аймағына бару құқына арналған тиiстi құжаттары жоқ жолаушыларға билет сатуға жол берген адамдар, сондай-ақ көлiк құралына мiнгiзген жүргiзушiлер (машинистер), бұл үшiн Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауап бередi. 32. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесiп өту құқына арналған құжаттары бар, шекара аймағы арқылы аялдап өтетiн жолаушыларға, соның iшiнде шетелге бара жатқан жолаушыларға олардың жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша поездарда, самолеттерде, кемелерде және автобустарда жүруiне рұқсат етiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |