|
|
|
Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2002.05.04. № 407 қаулысымен кіріспе өзгертілді "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы № 2200 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына лицензиялар берудің тәртібі; 2) Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің тәртібін бекітсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1507 қаулысымен Бекiтiлген
Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына лицензиялар берудің Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет қызметiн жүзеге асыруына мемлекеттік лицензиялар берудiң ретiн, шарттары мен есепке алынуын белгiлейдi. 2. Күзет қызметiн лицензиялаудың мақсаттары: 1) күзет қызметi саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 2) күзет қызметтерiн көрсету саласында нарықтық қатынастарды және күзет субъектiлерiнiң арасындағы салауатты бәсекелестiктi дамыту; 3) күзет жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтердiң сапасының жоғары деңгейiн және күзет субъектiлерi (лицензиаттар) қызметiнде заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады. 3. Заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет қызметiн жүзеге асыруы мiндеттi түрде лицензиялануға жатады. Лицензия болмаған жағдайда жасалған күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған шарт жарамсыз деп танылады. 4. Тиiстi лицензиясыз не нормалар мен ережелердi бұза отырып күзет қызметiмен айналысу заңдарда белгiленген әкiмшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. ҚР Үкіметінің 2002.05.04. № 407 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Күзет қызметi деп жеке тұлғалар (жеке кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау бойынша күзет қызметтерiн көрсету, соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзеттiң және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды түрде қорғаудың тәсiлдерi жөнiнде консультациялар беру және ұсынымдар дайындау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруы түсініледi. ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi қызметкерлерінің саны олардың мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi сан нормативiнен аспауы керек. Сан нормативін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейдi. Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша бөлiнедi: 1) Күзет субъектiлерi бойынша: күзет қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына берiлетiн; күзет қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiлетiн лицензиялар. 2) Қызмет ауқымы бойынша: заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына мерзiмi шектелмей берiлетiн бас лицензиялар. 3) Қолданылуының аумақтық аясы бойынша: қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын; қолданылуы Қазақстан Республикасының белгілi бiр аумағымен шектелетiн. 7. Күзет қызметiн лицензиялауды жүзеге асыратын органдар: Лицензиялар беру жөнiндегі уәкiлетті орталық атқарушы орган (лицензиар) Қазақстан Республикасының IIМ болып табылады; Лицензиар заңдарға және осы Тәртіпке сәйкес өзiнiң аумақтық органдарына күзет қызметiн лицензиялау жөнiнде өкiлеттіктер берудiң тәртібін айқындайды.
2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі
8. Күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - заңды және жеке тұлға - осы Тәртiппен белгiленген біліктілік талаптарына сай болуға мiндеттi. 9. Күзет қызметiне байланысты заңды қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер заңды тұлға лицензиярға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндетті: 1) белгiленген үлгiдегі өтiнiш; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек; ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 9-тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар. 10. Күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - жеке тұлға, лицензиарға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндетті: 1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш; 2) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек; ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 10-тармақ 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарының сәйкестiгін растайтын құжаттар. 11. Заңды тұлға құрусыз күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - жеке тұлға, заңды тұлға үшiн белгіленген тәртіппен лицензия алады. 12. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей, шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн он күндiк мерзiмнен кешiктірiлмей беріледi. 13. Заңды және тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты күзет қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды 13-1. Заңды тұлғаның атауы (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, лицензиат бір айдың iшiнде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiніш бередi. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм ішiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды. Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi. Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат телқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi. 14. Лицензия беруден бас тарту: Лицензия: 1) осы Тәртiпте белгiленген біліктілік талаптарына сай келмейтiн заңды және жеке тұлғаларға; 2) егер күзет қызметiмен айналысу құқығы үшiн алынатын алым енгізiлмесе; 3) егер өтiнiш берушiге қатысты оған күзет қызметiмен айналысуға тыйым салынған сот шешiмi болса; 4) егер осы Тәртіптiң 9 және 10-тармақтарына сәйкес барлық құжаттар табыс етiлмесе заңды және жеке тұлғаларға берiлмейдi. Лицензия беруден бас тартылған кезде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап қайтарылады. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi өтiнiш берушi ол бойынша жойған кезiнде, өтiнiш жалпы негiздерде қаралады. 15. Егер лицензия осы Тәртiпте белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш берушiге негізсiз болып көрiнген жағдайда, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 16. Лицензия беруден негізсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқықтарын бұзудан туындаған залалдарды өтеу азаматтық заңдарда белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады. лицензиялар қайтарылып алынған; лицензия берiлген жеке тұлға қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады. 18. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия сақталады. 19. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуымен байланысты дауларды соттар шешедi. 1) лицензиат лицензияда жазылған талаптарды орындамаған; 2) лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға сот тыйым салған; 3) ол бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда сот тәртібімен керi қайтарылып алынуы мүмкiн. 21. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып лицензияның қолданылуын алты айға дейiн тоқтата тұруға құқылы. Лицензиат сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 22. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткi болған себептер жойылғаннан кейiн лицензия лицензиардың қорытындысы негізiнде қайта күшiне енедi.
3. Күзет қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын бiліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 23. Заңды тұлғаларға арналған біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: 1) жеке күзет ұйымының, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесi басшысының жоғары заңгерлiк білімi немесе құқық қорғау органдарындағы кемiнде үш жыл жұмыс өтілі болуы және күзетшiлерге қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс. Күзет бөлiмшесiн құру кезінде заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Күзет бөлiмшесi туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi; 2) күзетшi лауазымына 21 жасқа толған, күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнайы курсын) өткен, соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамды (көзiнiң нашар көруiне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қаруды меңгеруiне қарсы көрсеткiштердiң болмауы) Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдануы мүмкiн; 3) ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен алып тасталды 4) ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен алып тасталды 5) қарулар мен оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайлардың болуы; 6) күзет ұйымы жеке құрамының толық сауалнамалық деректерi бар тiзiмiнiң болуы. ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 24. Жеке тұлғаларға арналған біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: 1) күзет қызметiне лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаға осы Тәртiптiң 23-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар қойылады; 2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенi туралы құжаттың және iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторынан мiнездеменiң болуы; 3) оның жеке кәсiпкер ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың болуы.
25. Осы Тәртiптiң негізiнде заңды және жеке тұлғаларға берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзу үшiн уәкiлетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында дайындалған қатаң есеп құжаттары болып табылатын белгiленген үлгiдегi лицензиялардың нөмiрленген бланкiлерiн бередi. Лицензиялық бланкiлердi беру арнаулы журналда есептеледi. 26. Әрбiр берiлген лицензия бойынша лицензиар байқау iсiн жүргізедi, онда өтінiшпен бiрге ұсынылған барлық құжаттар сақталады. Iс лицензияны берген уәкiлеттi органда сақталады. 27. Осы Тәртiпке сәйкес күзет субъектiлерiнiң лицензиялық ережелердi сақтауын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 28. Лицензияны берген лицензиар олардан өзiнiң құзыретiнiң шеңберiнде тиiстi құжаттарды тапсыруды және бақылау функцияларын орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуды талап етуге құқылы. 29. Лицензия жоғалған уақытта лицензиар жоғалған лицензияның дубликатын бередi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |