Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы (2024.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін: ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 1. Қоса берілген: 1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереже; 2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілсiн. ҚР Президентінің 14.05.04 ж. № 1368 1-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен 1-1 тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтсiн. ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен 1-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 2020.16.07. № 372 Жарлығымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 1-2. Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органына «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiмді ұсынсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 94»Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 515-құжат): 1-тармақта: бiрiншi абзацта «250 халықаралық стипендиясы» деген сөздер «халықаралық стипендиясы» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацта «Министрлер Кабинетi» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақта «Білім министрлiгіне» деген сөздер «Білім және ғылым министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың күшi жойылды деп танылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|