|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Алматы» және «Еңбек-Ерменсай» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 3-1 тармақпен толықтырылды 3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті: 1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін; 2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 596 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының Тізбесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |