|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын бекіту туралы (2011.18.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1743 Қаулысымен күші жойылды
«Ақша төлемдерi мен аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен санаттар өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттары
Ескерту: Сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндетті сауда (қызметтер көрсететiн) ұйымдарының аталған санаттары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шағын бизнес субъектiлерi үшін арнайы салық режимiн қолданатын және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерi жоқ орындарда орналасқан сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарына қолданылмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |