|
|
|
Мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысы (ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251; 05.12.98 ж. N 1244; 24.06.04 ж. N 695 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 24 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртiбi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртiбi Осы Тәртiп қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әзiрлендi және сатуға алдын ала дайындаудың, сондай-ақ уәкiлеттi органның атынан мемлекеттiң бастамашылығы бойынша банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың өндiрiстiк активтерiн сатуға алдын ала дайындаудың, сондай-ақ сатудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Уәкiлеттi орган бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың алдында берешегi бар ұйымдардың тiзбесiне сәйкес банкроттық рәсiмдерiне бастамашылық жасайды. Тiзбе Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi және екi апта мерзiм iшiнде мүлiктi (активтердi) қайта құрылымдау (топтастыру, бөлiктеу), активтердiң немесе активтер топтарының перспективалылығына талдау дайындау жөнiнде ұсыныстар, сондай-ақ оларды сату жөнiнде ұсыныстар енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне жолданады. 2. Ұйым мүлкiнiң құрамына үйлердi, ғимараттарды, жабдықтарды, мүкәммалды, шикiзатты, өнiмдердi және ұйымның басқа да активтерiн қоса алғанда, негiзгi қаражат (қорлар) кiредi. 3. Осы тәртiпте сөздер мен тiркестердiң мынадай мағыналары болады: таратылатын ұйым - уәкiлеттi органның атынан мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылуына байланысты тарату процесiндегi ұйым; уәкiлеттi орган - банкроттық рәсiмдерiнде және таратудың соттан тыс рәсiмiнде бюджет пен бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер бойынша несие берушiлердiң мүддесiн бiлдiру үшiн Үкiмет белгiлейтiн орган; сатушы - конкурстық басқарушы; лот бойынша сауда-саттыққа қатысушы - жарияланған лоттың ағымдағы бағасына нөмiрдi көрсету арқылы келiскен қатысушы; сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi - бастапқы баға күнi бұрын жарияланған қадаммен ең жоғары баға ұсынған бiр қатысушы қалған сәтке дейiн көтерiлетiн сауда-саттықтың әдiсi; сауда-саттықтың голландтық әдiсi - бастапқы баға күнi бұрын жарияланған қадаммен қатысушылардың бiрi жарияланған баға бойынша лотты сатып алуға келiсетiн сәтке дейiн төмендейтiн сауда-саттық әдiсi; лот - сату үшiн бөлiнбейтiн бiрлiктерге бөлiнген аукционға қойылған мүлiк; лоттың ең төменгi бағасы - лот одан төмен сатылмайтын баға; лоттың бастапқы бағасы - әрбiр лот бойынша сауда-саттық басталатын баға; сату бағасы - лоттың сауда-саттықтың нәтижесiнде белгiленген түпкiлiктi бағасы; жеңiмпаз - сауда-саттықта лот үшiн ең жоғары баға ұсынған қатысушы; сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан жеңiмпаз; объект - технологиялық процеске қатысушы өндiрiстiк бөлiмшенiң мүлкiнен бөлiнген, бiрыңғай лотпен сауда-саттыққа қойылған мүлiктiк кешен ретiндегi ұйымның мүлкi; топтастырылған мүлiк (топтастыру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған екi және одан көп мүлiктiк кешен, өндiрiстiк кәсiпорын), өзге де мүлiк. аукционшы - сатушы сауда-саттықтарды жүргiзу үшiн белгiлеген және сауда-саттықтардың нәтижелерiне мүдделi емес жеке адам. ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Өндiрiстiң тоқтаусыз циклi бар, сондай-ақ экономика үшiн стратегиялық маңызы бар тарататын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сату алдында дайындау және сату кезiнде Үкiметтiң жекелеген шешiмiмен мүлiктi (активтердi) сатудың айрықша шарттары мен сатып алушыларға қосымша талаптар; 1) сатып алынған объектiде қызметтiң басталуын қамтамасыз ету; 2) технологиялық процестiң кiдiрiссiз жұмысын қаржыландырудың көздерiн айқындау; 2-1) уәкiлеттi органның таратылатын ұйымның мүлкiн сатудың жоспарын бекiтуi; 3) табиғат қорғау шараларын жүргiзу; 4) тұтынушылармен жасалған келiсiм-шарттар бойынша электрмен жабдықтаудың кiдiрiссiздiгiн қамтамасыз ету; 5) мәмiлелер жасауға (қайта сатуға, кепiлге, басқаруға беруге және т.б.) шектеу және/немесе объектiге қатысты уақыттың белгiлi бiр кезеңi iшiнде белгiлi бiр қызметке тыйым салу; 6) сауда-саттықтағы бастапқы бағаға талап; 7) өзге де шарттар мен талаптар белгiленуi мүмкiн. 2. Таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындауды жүргiзудiң тәртiбi 5. Таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау жөнiндегi шаралар: 1) заңдарда белгiленген тәртiппен таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) түгендеудi және бағалауды; 2) нәтижесi бойынша сату объектiлерi айқындалатын таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) қайта құрылымдау (бөлiктеу, топтастыру) жөнiнде ұсыныс әзiрлеудi; 3) ұйымның мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде ұсыныс әзiрлеудi; 4) таратылатын ұйымның сатылатын мүлкiн (активтерiн) жарнамалау жөнiндегi шараларды ұйымдастыруды; 5) сату жоспарын дайындауды және бекiтудi; 6) таратылатын мамандандырылған ұйымдармен, оның iшiнде қаржы агенттерiмен шарттар жасасуды қамтиды. 6. Конкурстық басқарушы таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) түгендеудi және бағалауды жүргiзедi. 7. Конкурстық басқарушы мүлiктi (активтердi) бағалауды жүргiзу үшiн қызмет көрсетулерiне ақы төлеу банкроттың мүлкi есебiнен жүзеге асырылатын тәуелсiз аудиторлық ұйымды (аудиторды) тартуға құқылы. 8. Конкурстық басқарушы уәкiлеттi органмен бiрлесiп активтердi алдын ала iрiктеудiң деректерiн ескере отырып салалық тиесiлiлiгiне, географиялық орналасқан жерiне, технологиялық мүмкiндiгiне және өзге де өлшемдерге сәйкес таратылатын ұйымның активтерiн сатуға дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. 9. Конкурстық басқарушы мүлiктi (активтердi) қайта құрылымдау (топтау, бөлiктеу) және сату жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу үшiн уәкiлеттi органмен бiрлесiп тәуелсiз консалтингтiк, аудиторлық ұйымды (аудиторды) тартуға құқылы. ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251 қаулысымен 10-тармақ өзгерді 10. Конкурстық басқарушы осы Тәртiптiң 1, 9-тармақтарында көрсетiлген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, сату жоспарын кредиторлар комитетiне бекiтуге бередi. 11. Конкурстық басқарушы белгiлi бiр объектiлерге уәкiлеттi сатып алушыларды (инвесторларды) тарту жөнiндегi егжей-тегжейлi маркетингтiк жоспарды әлеуеттi сатып алушылардың арасында мүмкiн болатын бөлу үшiн объектiге арналған қысқа ақпараттық меморандумды әзiрлеу үшiн, уәкiлеттi органмен бiрлесiп, кредиторлар комитетiмен келiсiм бойынша екiншi деңгейдегi банктер мен инвестициялық компаниялардың қатарынан қаржы агенттерiн тартуға құқылы. 12. Қаржы агенттерiнiң қызметтерiне ақы төлеу конкурстық басқарушы мен қаржы агенттiгiнiң арасындағы келiсiмге сәйкес кредиторлар комитетi белгiлейтiн тәртiппен конкурстық массадан жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251 қаулысымен 13-тармақ өзгерді 13. Конкурстық басқарушы: 1) таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сатудың жоспарын әзiрлейдi және кредиторлар комитетiне бекiтуге ұсынады; 2) әлеуеттi сатып алушыларға ұсыну үшiн таратылатын ұйымның мүлкi (активтерi) туралы ақпараттық меморандумдар әзiрлейдi; 3) әлеуеттi сатып алушылардың ең көп санын тарту үшiн бұқаралық ақпарат құралдарында объектiнi сатуға ұсынылатын жарнама жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 4) мүлiктi (активтердi) сату жөнiндегi сауда-саттықтар өткiзудi ұйымдастырады; 5) сауда-саттықтардың жеңiмпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасады; 6) шарттық негiзде қайта құрылымдау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн екiншi деңгейдегi банктер мен инвестициялық компаниялардың қатарынан қаржы агенттерiн тартады. 14. Сатушы шарттық негiзде сауда-саттықтарды ұйымдастыру үшiн кез келген заңды немесе жеке тұлғаны тартуға құқылы. ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251 қаулысымен 15-тармақ өзгерді 15. Бекiтуге ұсынылатын сату жоспары сату объектiсi, төлеудi кейiнге қалдырып сатудың мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды, сондай-ақ объектiнiң бастапқы (және сауда-саттықтың голландиялық әдiсi кезiнде ең төменгi) бағасы туралы мәлiметтi қамтуы тиiс. Ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сату кезiндегi бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының отыз процентiнен кем болмайды, ал кейiнге қалдыру кезеңi үш айдан аспауы тиiс. 16. Бастапқы баға сату жоспарында бекiтiледi. Сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде бастапқы баға таратылатын ұйым мүлкiнiң (активтерiнiң) бағалану құнына тең болады. Мүлiктiң (активтердiң) бағалану құны ұйымды банкрот деп тану туралы шешiм шығарылған айдың алдындағы айдың басындағы ұйымның балансы деректерiнiң негiзiнде айқындалады. Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi кезiнде бастапқы баға "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кредиторлардың бiрiншi және үшiншi кезектерi талаптарының сомасынан төмен болмайды. 17. Сатушы тәуелсiз аудиттың қорытындысы негiзiнде таратылатын ұйым мүлкiнiң (активтерiнiң) құнын бағалауды жүзеге асыруға құқылы. 18. Негiзгi қаражаттың құнын айқындау негiзгi қаражаттың аммортизациясының нормаларының және олардың пайдалану мерзiмiнiң негiзiнде және заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалатын негiзгi қорлардың құнын арттыру коэффициентiне түзетiлген бағалау сәтiндегi бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша есептелген олардың баланстық қалпына келтiру құнының көлемiн тозудың көлемiне азайту жолымен есептелген қалдық құн бойынша жүзеге асырылады. 19. Аяқталмаған құрылыс объектiлерi мен белгiленбеген жабдықтар олар түгелденгеннен кейiн заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалатын негiзгi қорлардың құнын арттыру коэффициенттерi ескерiле отырып баланстық (қалпына келтiру) құны бойынша бағаланады. 20. Запастар мен шығындар баланстық құн бойынша бағалау күнiндегi iс жүзiнде болуының негiзiнде бағаланады. 21. Конкурстық басқарушы мүлiктiң (активтердiң) ол сатылғанға дейiн сақталуы үшiн жауаптылықта болады. 3. Таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сату 22. Мүлiктi (активтердi) сату жариялылық, ашықтық және қол жетiмдiлiк принциптерi сақтала отырып сату жоспарына сәйкес сауда-саттықтарда (ағылшын немесе голландтық әдiс бойынша аукционда) жүзеге асырылады. 23. Аукционға алғашқы рет қойылған мүлiктi сату сауда-саттықтардың ағылшындық кестесi бойынша жүргiзiледi. Аукцион өтпеген деп танылған жағдайда мүлiк голландтық әдiс бойынша аукционға қойылады. ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251 қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда 24. Сауда-саттық өтпеген деп танылған жағдайда сатушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмi бойынша сату жоспарына өзгерiс енгiзуге құқылы. Өзгерiс сатылатын лоттардың өзгеше құрылымын және/немесе өзгеше бастапқы (ең төменгi) бағаны қамтуы тиiс. ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251 қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда 25. Аукциондар олардың өткiзiлетiндiгi туралы көпшiлiк хабарланған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен бұрын өткiзiлмеуi тиiс. 26. Сатушының айрықша функциялары: 1) кепiлдiктi жарналарды қабылдау; 2) аукциондарды өткiзудiң барысына бақылау жасауды жүргiзу; 3) сауда-саттықтың жеңiмпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуына бақылау жасау; 4) қатысушылармен және сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру болып табылады. 27. Сатушы аукционшыны iрiктеудi дербес жүзеге асырады. 28. Аукционға қатысуға осы Тәртiпте белгiленген ретпен тiркеуден өткен заңды, жеке, оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға рұқсат етiледi. 29. Аукционға кiру билетiн төлеген барлық тiлек бiлдiрушiлердiң қатысуына құқығы бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi кiру билеттерiн төлеуден босатылады. 30. Кепiлдiктi жарна қатысушылардың мынадай мiндеттемелерiн: 1) сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюын; 2) сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шарттарын жасасуын; 3) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi дұрыс орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. 31. Аукционға қатысуға арналған кепiлдiктi жарна аукционға қойылған барлық ұйымдар үшiн бiр мөлшерде белгiленедi және әр лот бойынша сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi кезiнде - лоттың бастапқы бағасынан 10%-тi, сауда-саттықтардың голландтық әдiсi кезiнде лоттың ең төменгi бағасынан 10%-тi құрайды. 32. Қатысушылар кепiлдiктi жарналардың кез келген санын енгiзуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiктi жарна бiр лотты сатып алу құқығын бередi. 33. Кепiлдiктi жарнаның мөлшерi ақпараттық хабар жарияланғаннан кейiн өзгертiле алмайды. Кепiлдiктi жарнаны қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгiзе алады. Сатушы кепiлдiктi жарнаны алушы болып табылады. 34. Сауда-саттықта жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiктi жарнасы сатып алу-сату жөнiндегi тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады. 35. Кепiлдiктi жарна: 1) ол өткiзiлген күнге дейiнгi үш күннен аспайтын уақытта аукционға қатысудан бас тартқан; 2) жеңiмпаз сауда-саттықтардың нәтижесi туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан; 3) қатысушы сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан нәтижелерге келiспеудiң негiздемесiнсiз бас тартқан; 4) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайларда сатушыға қайтарылмайды. 36. Барлық қалған жағдайларда - кепiлдiктi жарналар, аукцион аяқталған күннен бастап 5 банктiк күннен аспайтын мерзiмде, ал егер ақша сатушының банктiк шотына аукционнан кейiн түссе, ол түскеннен бастап 5 банктiк күннiң iшiнде қайтарылады. ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251 қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда 37. Сауда-саттықтар өткiзу туралы ақпараттық хабарлама сауда-саттықтарды өткiзуден кемiнде 10 күн бұрын ресми басылымдарда қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жариялануы тиiс. 38. Ақпараттық хабар: 1) сауда-саттықтардың өтетiн күнiн, жерiн және уақытын; 2) мүлкi (активтерi) сатуға қойылған ұйымның атауын, қызметiнiң негiзгi бейiнiн және мекен-жайын; 3) әрбiр таратылатын ұйым бойынша қойылатын лоттардың мөлшерлерiн; 4) мүлiктi сатудың ерекше шарттары мен оларды Үкiмет белгiлеген жағдайда қатысушыларға қосымша талаптарды; 5) әрбiр лот бойынша сауда-саттықтарды өткiзудiң әдiсiн; 6) сатуға қойылған лоттардың бастапқы және ең төменгi бағаларын; 7) кепiлдiктi жарнаның мөлшерi мен алушының есеп-шотын; 8) өтiнiмдердi қабылдау орны мен мерзiмдерiн; 9) сату проспектiлерiн, ақпараттық бюллетендердi, сауда-саттықтардың өткiзiлу тәртiбiн және өзге де ақпараттарды алуға болатын телефондар мен мекен-жайларды; 10) сатушының шешiмi бойынша басқа да қосымша ақпаратты қамтуға тиiс. 39. Әрбiр ұйым бойынша ақпараттық хабар жарияланғанға дейiн: 1) болашақ инвесторға оның қаржылық-экономикалық жағдайын бағалау және капиталды салудың тиiмдiлiгi туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi объектi туралы ақпараттарды қамтитын сату проспектiсi; 2) ақпараттық хабарда бар барлық негiзгi деректердi және негiзгi қорларды ұйымдастыру, олардың сипаттамасы және басқалар туралы басқа да қосымша ақпаратты қамтитын ақпараттық бюллетень. Бюллетень ақпараттық хабарлау жарияланғанға дейiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша сатушы белгiлеген мiндеттi тарату тiзiмiне сәйкес таратылады; 3) аукционға қойылатын лоттардың егжей-тегжейлi жазылған тiзiмi бар, тiркеу сәтiнде әрбiр қатысушыға берiлетiн аукциондық карта дайындалуы тиiс. 40. Сатушы ақпараттық хабар жарияланғаннан кейiн барлық тiлек бiлдiрушiлерге аукционды өткiзудiң ұйымдастырылуы мен тәртiптерi туралы ақпаратқа еркiн рұқсат етiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 41. Жарнаманың басқа түрлерi еркiн нысанда жүзеге асырылады және қатысушыларды неғұрлым көбiрек тартуға бағытталуы тиiстi. 42. Аукционға қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен басталып жүргiзiледi және аукцион басталуға бiр сағат қалғанда аяқталады. 43. Аукционға қатысушы ретiнде тiркеу үшiн: 1) аукционға қатысуға арналған өтiнiмдi; 2) төлқұжатын немесе өзге де жеке басын куәландыратын құжатты; 3) кепiлдiктi жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн; 4) өкiлдiң өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжатты ұсыну қажет. 44. Заңды тұлғалар оған қосымша жарғы мен заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң нотариалдық расталған көшiрмесiн ұсынады. Шетелдiк заңды тұлғалар лайықты түрде заңдастырылған құрылтай құжаттарын қоса ұсынады. 45. Сатушының: 1) қатысушыдан оның аукционға қойылғандардың қатарынан сол немесе өзге лотты сатып алу ниетi туралы ақпарат талап етуге; 2) сауда-саттықтарға дайындалудың және оларды өткiзудiң бүкiл кезеңi iшiнде сауда-саттықтарға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға; 3) осы Тәртiптiң 43, 44-тармақтарында аталғандардан басқа, қатысушы ретiнде тiркеу үшiн қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге құқығы жоқ. 46. Тiркеуден өткен адамдар аукцион күнi аукциондық нөмiрге ауыстырылатын қатысушының билетiн алады. Сауда-саттықтың процесiнде аукциондық нөмiрдi басқа адамның пайдалануына тыйым салынады. 47. Аукционды аукционшы жүргiзедi. Аукцион оны өткiзудiң тәртiбiн жариялаумен басталады. Қатынасып отырған адамдардың аукционның барысына ықпал етуге немесе оны өткiзудiң тәртiбiн бұзуға құқығы жоқ, олай болмаған жағдайда олар аукционды өткiзу залынан аластатылуы мүмкiн. 48. Лоттарды сауда-саттыққа қоюдың реттiлiгi туралы шешiмдi аукционшы қабылдайды. Бұл тәртiп аукциондық картада белгiленген тәртiпке сәйкес келмеуi мүмкiн. 49. Әр лот бойынша сауда-саттықтар аукционшының сату объектiсiн, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткiзудiң әдiсiн, бастапқы бағаны және бағалардың өзгеру қадамдарын жариялауымен басталады. Аукционшы сауда-саттықтардың процесiнде ол туралы мәлiмдей отырып, қадамды өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы лоттың ағымдағы бағаларының 5-тен 10%-тi шегiнде белгiленедi. 50. Сауда-саттықтар төменде жазылған екi әдiстiң бiреуi бойынша өткiзiледi. 1) аукционшы лоттың бастапқы бағасы мен бағаны арттырудың қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмiрдi көтеру арқылы бастапқы бағаны көтередi, бiрақ бұл жарияланған қадамнан артық емес. Аукционшы лот бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың аукциондық нөмiрiн жариялайды, бағаны бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Лот бойынша сауда-саттықтар ең жоғары ұсынылған бағаға дейiн жүредi. Лот үшiн неғұрлым жоғары бағаны ұсынған қатысушыны аукционшы жариялайды. Аукционшы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды, бұл ретте лоттың соңғы бағасын әрбiр қайталағаннан кейiн кемiнде 10 секунд өтуi тиiс және басқа нөмiрлер көтеру болмаған кезде балғаны ұрып, аталған лоттың сатылғандығы туралы жариялайды (сауда-саттықтардың ағылшындық әдiсi); 2) аукционшы лоттың бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаларды жариялай отырып оны мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы жарияланған баға кезiнде аукциондық нөмiрiн бiрiншi көтерген Қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны соғу арқылы оны осы лот бойынша Жеңiмпаз деп жариялайды. Егер аукционшы лоттың ең төменгi бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бiрде-бiрi аталған лотты сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда лот сауда-саттықтан алынады (сауда-саттықтың голландтық әдiсi). Егер бiр мезгiлде екi немесе одан көп нөмiрлер көтерiлген жағдайда, кiмнiң жеңiмпаз болатындығы туралы шешiмдi мынадай тәртiппен аукционшы қабылдайды: аукционшы қатысушыларға бағаны көтерудi ұсынады және неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болады. Қатысушылардың аукционшының шешiмiне келiспеуге құқы жоқ. ҚР Үкіметінің 05.12.98 ж. N 1244 қаулысымен 51-тармақ жаңа редакцияда 51. Ағылшындық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, егер сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайда ғана өткізілген болып есептеледі. Голландтық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен сауда-саттыққа жалғыз қатысушы қатысқан кезде де өткізілген болып есептеледі. 52. Сауда-саттықтардың голландтық әдiсi электрондық жүйелердi пайдалану арқылы iске асырылуы мүмкiн. 53. Әрбiр сатылған лот бойынша сауда-саттықтардың нәтижелерi әр лот бойынша сауда-саттық аяқталғаннан кейiн сатушы, аукционшы, жеңiмпаз және барлық қатысушылар қол қоятын сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi. Аукционшы хаттамаға қол қою үшiн үзiлiс жариялауға құқылы. Сауда саттыққа қатысушыларға кепiлдiктi жарна олар сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтарға қатысушы өзiнiң нәтижелерге келiспеуiн негiздеуге мiндеттi. 54. Сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттықтардың нәтижелерiн және жеңiмпаз бен сатушының сату бағасы бойынша объектiнi сатып алу-сату шартын жасасуға мiндеттемесiн көрсететiн құжат болып табылады. Жеңiмпаз хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде сатып алу-сату шартын жасасуға мiндеттi. 55. Объектiнi сатып алу-сату шарты сатушы мен сатып алушының арасында жазбаша нысанда жасалады және шарт жасасуға негiздеме ретiнде сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға сiлтеме болуы тиiс. 56. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушының арасында жүргiзiледi. Аванстық төлем мүлiктi (активтердi) сатудың бағасының кемiнде 15 процентi мөлшерiнде сатып алу-сату шарты қол қойылған күннен бастап 5 банктiк күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде енгiзiледi. Кепiлдiктi жарна есептелетiн аванстық төлемнiң есебiне есептеледi. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей енгiзiлуi тиiс. 57. Түпкiлiктi төлемдi 5 банктiк күннен астам кешiктiрген жағдайда, сатушы бiржақты тәртiппен шартты бұзуға және сатып алушыдан кепiлдiктi жарнамен жабылмаған бөлiгiнде нақты шығындарды өтеудi талап етуге құқылы. 58. Сатып алу-сату шарты бойынша ұйымның мүлкiне (активтерiне) меншiк құқығы сатып алушыда қолданып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен мәмiле тiркелген сәттен бастап пайда болады. 4. Қорытынды ережелер 59. Таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сатудан алынған қаражат "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген кезектiлiкке сәйкес кредиторлардың талаптарын өтеуге бағытталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |