|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекiтiлген Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 желтоқсандағы N 1265 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының аса жеңiл авиация саласында сертификаттау жүргiзудiң құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгiлейдi. Осы Ереже метеорологиялық мақсатта қолданылатын шар-ұшқыштарға, сондай-ақ басқарылмайтын ұшқышсыз аэростаттарға қатысты қолданылмайды. 2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер: 1) аса жеңiл авиация қауымдастығы және (немесе) федерациясы Қазақстан Республикасының аса жеңiл авиация субъектiлерiнiң қызметін үйлестiру үшiн заңды тұлғаларды бiрiктiру жолымен құрылған коммерциялық емес ұйымдар; 2) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық зерттеудiң рәсiмдерiн өту үшiн уәкілеттi органға жазбаша өтiнiшi; 3) өтiнiш берушi - аса жеңiл авиация саласында сертификаттау жүргiзу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген жеке немесе заңды тұлға; 4) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген талаптар. 3. Сертификаттық тексерiстiң тәртiбi мен үлгi бағдарламасын, сондай-ақ өтiнiш берушi ұсынатын құжаттар тiзбесiн уәкілеттi орган бекiтедi. 4. Өтінiш беруші ұсынатын құжаттардың көшiрмелерін нотариус куәландырған болуы тиiс. 5. Өтінiш берушi шетел мемлекеттері берген құжаттарды ұсынған жағдайда, олар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылуы тиiс. Шетел тiлiнен аударманы нотариус куәландырған болуы тиiс. 6. Сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу өтінiш берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Сертификаттау бойынша жұмыстар жүргiзу үшiн алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады. 7. Сертификаттардың берiлуiн, есепке алынуын, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң данасын немесе үлгiсiн сертификаттау 8. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң данасын немесе үлгiсiн сертификаттауды әуе кемелерiн әзiрлеушiнiң және тиiстi федерациялар мен қауымдастықтардың қатысуымен уәкілеттi орган жүзеге асырады. 9. Аса жеңіл авиация әуе кемесiнің данасын немесе үлгiсiн сертификаттауды жүргiзу үшін өтiнiш берушi уәкiлетті органға осы әуе кемесi оған сәйкес жасалған техникалық құжаттаманы және двигательдер мен жабдықтарды алдын ала сынау нәтижелерiн қоса ұсына отырып, өтiнiм береді. 10. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау үшiн әзiрлеу және аса жеңіл авиация тиiстi қауымдастықтары мен федерациялары уәкілеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңіл авиация әуе кемелерiн тексеру жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия (бұдан әрi - техникалық комиссия) құрады. 11. Техникалық комиссия тексеру кезiнде аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң аэродинамикалық және барлық сипаттамалары, конструкциясы, оның жасалу (күрделi жөндеу) сапасы, техникалық жай-күйi бағаланады. Аса жеңiл авиацияның барлық әуе кемелерi үшiн тиiстi техникалық құжаттама тексерiледi. 12. Техникалық комиссия тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган өтініш берушiге аса жеңiл авиация әуе кемесi данасының немесе (және) үлгiсiнiң сертификатын (1, 2-қосымша) беруi үшiн негiздеме болып табылатын, ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылыққа енгiзiлген ұшу шектеулерiн ескере отырып, аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актiсiн береді. Әуе кемесiн әзiрлеушi Аса жеңiл авиация әуе кемесiнің үлгiсi сертификатының (бұдан әрi - Үлгі сертификаты) иесi болып табылады. 3. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру 13. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификаты (3-қосымша, бұдан әрi - Ұшу жарамдылығының сертификаты) мiндеттi кеме құжаты болып табылады және оны көшiрмеге ауыстыруға рұқсат етілмейді. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң бортында қабылдау-тапсыру актiсi және ұшуға тапсырма болғанда ғана аса жеңiл авиация әуе кемесiн оны жасайтын зауыттан, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi орталықтан тұрақты орналасу орнына дейiн айдауға қолданыстағы ұшу жарамдылығының сертификатынсыз рұқсат етіледi. 14. Ұшу жарамдылығының сертификатын алу (ұзарту) үшін өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледі: Үлгi сертификаты; техникалық комиссия берген аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын анықтау және техникалық жай-күйін тексеру актiсi; аса жеңiл авиация әуе кемесiн пайдалану құқығын беретiн сатып алу-сату шартының немесе өзге де шарттың көшiрмесi; аса жеңiл авиация әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмесi; аса жеңiл авиация әуе кемесiн әзiрлеушінің немесе аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ресурсын анықтайтын конструкторлық бюроның құжаты. 15. Ұшу жарамдылығының сертификаты екі жылдан аспайтын мерзiмге берiледі. 16. Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылуын ұзарту үшін аса жеңіл авиация әуе кемесi жыл сайын техникалық комиссияның куәландыруына жатады, оның нәтижесі оң болған кезде ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзiмi бір жылдан аспайтын мерзiмге ұзартылады. 17. Ұшу жарамдылығының сертификаты мынадай жағдайларда керi қайтарылып алынуы мүмкiн: 1) Yлгi сертификаты керi қайтарылғанда; 2) пайдалану процесінде ұшу жарамдылығына әсер ететiн жойылмайтын ақаулар табылғанда; 3) аса жеңiл авиация әуе кемесiнің, оның ұшу жарамдылығының бұзылуына әкеп соқтырған зақымдануында; 4) осы үлгідегi аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң бүкіл паркін, сериясын, данасын немесе үлгiсiн пайдалануды тоқтату туралы белгiленген тәртіппен шешiм қабылданғанда; 5) әзірлеуші көздемеген ұшу жарамдылығына әсер ететiн жетiлдiрулердi, пайдаланатын нұсқаға қайта жабдықтау жүргізу үшiн ұшуды тоқтатқан жағдайларда. 18. 16-тармақта аталған жағдайларда пайдаланушы дереу ұшуды тоқтатады және ұшу тоқтатылған күннен бастап он күн мерзiмде уәкiлетті органға тиістi ұшу жарамдылығы сертификатын қайтарады. 19. Ұшу жарамдылығының сертификаты абайсызда зақымдалған немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда өтiнiшке сәйкес телнұсқа беру жолымен ауыстыруға жатады. 20. Ұшу жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін пайдаланушының ұшу жарамдылығы сертификатының жоғалу немесе ұрлану фактісін растайтын құжаттарды өтiнiшке қоса беруi қажет. 21. Ұшу жарамдылығының сертификаты абайсызда зақымдалған, жоғалған (ұрланған) кезде аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн пайдалану дереу тоқтатылуы тиiс. 22. Шетел мемлекетi берген аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының сертификаты (куәлiгi), оларға сәйкес ол берiлген немесе оған күш берiлген талаптар Қазақстан Республикасында белгiленген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. 4. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау 23. Авиациялық қызметтер сертификаттау объектiлерi болып табылады. 24. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты (4-қосымша, бұдан әрі - Пайдаланушы сертификаты) иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілуі мүмкiн емес. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзiмi көрсетіліп, 2 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi. 25. Пайдаланушы қайта сертификаттау үшiн қолданыстағы Пайдаланушы сертификаты қолданылу мерзiмiнiң аяқталуынан кем дегенде бір ай бұрын өтiнiм бередi. Олар бойынша өзгерiстер болмаған (немесе жаңарту талап етiлмеген) құжаттарды бiрiншi басшы куәландырған және өтiнiм берген күнмен сәйкес келетiн күнi көрсетiлген көшiрмелер түрiнде ұсынуға рұқсат етiледі. 26. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртiбi белгiленедi: 1) уәкiлеттi органға өтiнiш иесiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса ұсына отырып өтiнiм бepуі; 2) өтiнiм бойынша алдын ала бағалау және уәкiлетті органның шешiм қабылдауы; 3) уәкілеттi органның әуе кемесiн әзiрлеушiнің және аса жеңiл авиацияның қауымдастықтарының және (немесе) федерацияларының қатысуымен сертификаттық тексерiс жүргiзуi; 4) шешiм қабылдау және пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту). 27. Пайдаланушы аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң белгiлi бiр үлгiлерiн пайдалануға және белгiлi бiр авиациялық жұмыстарды орындауға қосымша сертификаттауды мынадай жағдайларда өтедi: 1) аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң басқа үлгiлерiн сатып алғанда; 2) авиациялық жұмыстардың басқа түрлерiн орындауға ниетi болғанда. 28. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi бiр айдан аспауы тиiс. 29. Өтінiм иесi Пайдаланушы сертификатын алу үшін уәкiлеттi органға сертификат талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса ұсына отырып өтінiм жiбередi. 30. Уәкiлеттi орган сертификат талаптарына сәйкестiктi растайтын құжаттары бap өтiнiмдi 20 (жиырма) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде қарайды және өтiнiш берушiге өтiнiм бойынша шешiмдi хабарлайды. 31. Уәкiлеттi орган өтiнiм бойынша Пайдаланушы сертификатын беру туралы шешiмдi, егер өтінiш берушi мынадай талаптарға сәйкес болса қабылдайды: 1) қызмет көрсетулердiң қажеттi деңгейiн ұсынады; 2) Аса жеңiл авиация әуе кемесiн ұшуға пайдалану жөнiндегi басшылықтың талаптарына сәйкес аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдалануды қамтамасыз етедi және бұл ретте тиiстi бақылауды жүзеге асырады; 3) аса жеңіл авиация әуе кемелерiнiң қолда бap үлгiлерiне сәйкес ұшулар түрлерiн, әуе жолдарын және әуеайлақтарды таңдайды; 4) аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудiң және авиациялық-техникалық құрам даярлығының тиiстi деңгейiне ие болады; 5) тиiстi аспаптармен немесе жоспарланатын авиациялық жұмыстар үшiн жабдықпен жарақтандырылған аса жеңiл авиацияның сертификатталған әуе кемелерi бар; 6) мәлiмделген ұшулардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз етедi; 7) авиациялық жұмыстар үшiн келiсiлген аудандар, бағыттар мен әуеайлақтары бар; 8) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi басшы құрамның мiндеттерi мен жауапкершiлiк аясын белгiлейді; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырады. 32. Өтiнiмді алдын ала бағалау барысында уәкiлеттi орган мынадай рәсiмдерді жүзеге асырады: 1) ұсынылатын авиациялық қызметтердiң көлемiн, аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң үлгiлерiн, өтiнiш берушiнің басшы лауазымдарын атқаратын мамандарының басқару және жетекшiлiк жасау әдістерiн, құқықтары мен мiндеттерiн бағалау; 2) авиациялық персоналдың даярлық деңгейiн анықтау; 3) өтiнiш берушi ұсынған аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және ұшуда пайдаланылуын, әуе қозғалысын ұйымдастыруды, аса жеңіл авиация әуе кемелерiнiң және басқа да жабдықтардың, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтердiң техникалық жағдайына инспекциялық тексеру (бақылау) жүргiзу жүйесi мен бағдарламасын бағалау; 4) өтінiш берушiнiң орындау қажет демонстрациялық немесе дәлелдеу (техникалық) ұшуларын анықтау; 5) өтінiм бойынша шешiм қабылдау және оны өтiнiш берушiге жіберу. 33. Егер өтiнiм осы Ереже талаптарына сәйкес болмаған немесе сертификат талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, өтiнiм жөнiндегi шешiмде қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, өтiнiм керi қайтарылуға жатады. 34. Өтiнiм бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн) өтiнiм жөнiндегi шешiмнiң негiзiнде, уәкiлетті орган басшысының бұйрығымен сертификаттық тексерiс жүргiзу үшiн аса жеңіл авиация қауымдастығының және (немесе) федерациясының қатысуымен комиссия құрылады. 35. Өтiнiш беруші өзiнiң қызметiн ұшуды қамтамасыз етудiң барлық түрлерi бойынша сертификаттық талаптарды ескере отырып ұйымдастырады, оларға: 1) құқықтық қамтамасыз ету; 2) ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз ету; 3) авиациялық-техникалық қамтамасыз ету; 4) әуе қозғалысына қызмет көрсетуін қамтамасыз ету; 5) штурмандық қамтамасыз ету; 6) аэронавигациялық қамтамасыз ету; 7) метеорологиялық қамтамасыз ету; 8) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету; 9) медициналық қамтамасыз ету жатады. Ұшуды қамтамасыз етудiң көрсетiлген түрлері бойынша сертификаттық талаптарды iске асыру кезiнде өтiнiш берушi қызметiн дербес жүзеге асырады және заңнамаға сәйкес осы қызметтi жүзеге асыру үшiн өзге де тұлғаларды тарта алады. 36. Ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшу құрамының даярлығы және бiлiктiлiгi ұшудың жүзеге асырылуын реттейтін нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. Экипаж мүшелерiнiң аса жеңiл авиация саласындағы тиiстi кәсiби қызметiн жүзеге асыруға құқығын куәландыратын қолданыстағы куәліктерi болуы тиiс. 37. Өтiнiш берушiнің мынадай құжаттамасы мiндеттi тексеруге жатады: 1) ұшуларды ұйымдастыру мен орындау бойынша; 2) ұшуларды қамтамасыз ету бойынша; 3) экипаж мүшелерiнiң жеке iстерi; 4) экипаждардың ұшу мен жұмыс уақыттарын eceпке алу бойынша; 5) пайдаланымдық және борттық жазбалары. 38. Өтiнiш берушi аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтау жөнiндегi жұмыстарды сертификатталған өз күшiмен не аса жеңiл авиация сапасында жұмыстардың осы түрлерiн орындауға сертификаты бар болса, өзге тұлғаларды тарту арқылы орындайды. Бұл ретте өтiнiш берушi мен аса жеңiл авиация әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетілуін жүргiзетiн ұйым арасында ұшулар қауіпсiздігiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктiң бөлiнуі көзделедi. 39. Егер өтiнiш бeруші басқа мемлекетте тiркелген аса жеңіл авиация әуе кемесiн пайдаланса, онда аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң иесiмен аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтауға жауапкершiлікті белгілейтiн тиiсті келiсiм (шарт) жасалуы тиiс. Өтінiш иесiнде аса жеңiл авиацияның барлық пайдаланылатын әуе кемелерiнде қолданылатын ұшу жарамдылығы сертификаты немесе Қазақстан Республикасында күші бар деп танылған шетел мемлекетінiң ұшу жарамдылығы сертификаты (куәлігі) болуы тиiс. 40. Сертификаттық тексерiс нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiнiң объектілерiнiң нақты жай-күйi, пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiктерi (мүмкiн еместiгi) туралы тұжырымдары, ұсынымдары мен қорытындылары көрсетілген сертификат тексерiсiнiң актiсi екi данада жасалады. Уәкiлетті орган құратын комиссияның барлық мүшелерi актiге қол қояды және ол өтінiш иесiне танысу үшiн ұсынылады. 41. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi 10 (он) күннен аспауы тиiс. 42. Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар сертификаттық тексерiс актiсi жасалғаннан кейiн уәкілеттi орган бес күн мерзiмде пайдаланушы сертификатын ресiмдеудi және берудi жүргiзедi. 43. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледі, егер: 1) аса жеңіл авиация әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi қызметтердi көрсетуге заңнамалық кесiмдермен осы санаттағы тұлғалар үшiн тыйым салынса; 2) өтiнiш берушi ұсынатын қызметтер сертификат талаптарына сәйкес келмесе; 3) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызмет түрiн көрсетуге тыйым салынған сот шешiмi болса. 44. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тартқан жағдайда өтiнiш берушіге бас тарту себебi көрсетiлген дәл жауап берiледі. 45. Пайдалану сертификатының қолданылуы мынадай негiздер бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн: 1) пайдаланушы ұсынатын қызметтер сертификат талаптарына сәйкес келмеген кезде; 2) пайдаланушының өтiніші бойынша; 3) авиациялық қызмет саласындағы сертификат талаптары өзгерген кезде; 4) авиациялық қызмет көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген кезде. 46. Уәкiлеттi орган тоқтату себебiн көрсете отырып, алты айға дейiн мерзiмге Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұра алады. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм, егер пайдаланушы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде тоқтату себептерiн жоя алатын болса ғана қабылданады. Керi жағдайда Пайдаланушы сертификаты керi қайтарылады. 47. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын қалпына келтiрудi уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктерi жойғаннан, пайдаланушы уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынғаннан және уәкілеттi орган қажетті тексерiстерi жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асыруы мүмкiн. 48. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығында көзделген жағдайларда Пайдаланушы сертификаты жарамсыз деп танылады. 49. Пайдаланушы сертификатын керi қайтарып алғаннан соң немесе оны жарамсыз деп танығаннан кейiн Пайдаланушы сертификатын алуға өтiнiм берген кезде қайта сертификаттау осы Ережеде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 50. Берілген Пайдаланушы сертификаттарын қайта ресiмдеу пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық бағыныстылығы өзгергенде және басқа да өзгерiстер болу жағдайында, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздікке әкелмейтiн болса жүргiзiледi. 51. Пайдаланушы сертификаты бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкiлеттi орган пайдаланушыға оның өтінiмiнің негiзiнде тел-нұсқасын береді. 52. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгiзу немесе тел-нұсқасын алу үшін пайдаланушы уәкiлеттi органға еркiн нысанда қажетті негiздемелердi және бұрын берiлген Пайдаланушы сертификатын қоса ұсына отырып (жоғалған немесе ұрланған жағдайдан басқа) өтiнiш бередi. 53. Өзгерiстер мен толықтырулар, сондай-ақ телнұсқалар Пайдаланушылар сертификаттарының тiзiлiмiнде белгiленедi, одан кейiн Пайдаланушы сертификаты (Пайдаланушы сертификатының телнұсқасы) пайдаланушыға берiледі. 54. Сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Уәкiлетті орган сертификаттық қызметтердің жай-күйі мен сапасының тұрақтылығына байланысты тексеру жүргiзуiн мерзiмдiлiгін белгiлейді. 55. Тексеру жүргізудің мақсаты: 1) пайдаланушы қызметінің сертификат талаптарына сәйкестiгiн тексеру; 2) сертификат талаптарына пайдаланушы объектiлерiнiң, құжаттамасының сәйкестiгiн тексеру болып табылады. 56. Тексеру нәтижелерi бойынша пайдаланушы және тексерудi жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар) қол қоятын екі данада акті жасалады. Уәкiлеттi орган тексеру нәтижелерi бойынша осы Ережеге сәйкес Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұра немесе керi қайтара алады. 57. Пайдаланушы сертификатының қолданысы тоқтатылғанда, керi қайтарылғанда немесе жарамсыз деп танылғанда уәкілеттi орган пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне қабылданған шешiм туралы хабарлайды. 58. Пайдаланушы сертификатын керi қайтару, жарамсыз деп тану туралы шешiм оның Пайдаланушы сертификаттары есебiнен шығарылған кезiнен бастап күшiне енеді. 59. Пайдаланушы сертификаты керi қайтарылған, жарамсыз деп танылған кезде пайдаланушы уәкiлеттi органға Пайдаланушы сертификатын дереу қайтаруы тиiс. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекiтiлген Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесiне 1-қосымша -----Елтаңба----- ____________________________________________________________ Уәкiлеттi орган АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ҮЛГIСIНIҢ CEРТИФИКАТЫ N_______ Осымен аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ___________үлгi конструкциясының сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландырады. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесi үлгiсiнiң негiзгi пайдалану шектеулерi және сипаттамалары осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын деректер картасында қамтылған. МО Уәкiлеттi органның басшысы ________ _______ (қолы) (Т.А.Ә.) Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______ Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекiтiлген Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесiне 2-қосымша -----Елтаңба----- ____________________________________________________________ Уәкiлеттi орган АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ДАНАСЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ N_______ Осымен аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының _________ үлгi конструкциясының сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландырады. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының негiзгi пайдалану шектеулерi және сипаттамалары осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын деректер картасында қамтылған. МО Уәкiлеттi органның басшысы ________ _______ (қолы) (Т.А.Ә.) Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______ Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекiтiлген Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесiне 3-қосымша -----Елтаңба----- ____________________________________________________________ Уәкiлеттi орган АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ N_______
4. Әуе кемесi Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне __ж. "____"________N_____ енгiзiлген. 5. Осы сертификат жоғарыда көрсетiлген әуе кемесiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго қаласы, 1944 ж.) сәйкес берiлген. Осы әуе кемесi, егер ол көрсетiлген құжаттарға және белгiленген пайдалану шектеулерiне сәйкес күтiп ұсталатын және пайдаланылатын болса, ұшуларға жарамды деп есептеледі. 6. Конструкцияның салмағы (массасы-кг) ________________ 7. САХ % теңдестіру ___________________________________ МО Уәкiлеттi органның басшысы ________ _________ (қолы) (Т.А.Ә.) Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______ Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн ____________________________________________________________ Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған Негіздеме МО Уәкiлеттi органның басшысы ________ _________ (қолы) (Т.А.Ә.) Ұзарту күні _________________ _____________________________________________________________ Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған Негіздеме МО Уәкiлеттi органның басшысы ________ _________ (қолы) (Т.А.Ә.) Ұзарту күні _________________ _____________________________________________________________ Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған Негіздеме МО Уәкiлеттi органның басшысы ________ _________ (қолы) (Т.А.Ә.) Ұзарту күні _________________ _____________________________________________________________ Пайдалану процесінде болған өзгерістер ______________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекiтiлген Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесiне 4-қосымша -----Елтаңба----- ____________________________________________________________ Уәкiлеттi орган АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ АЖА N_______ Осымен пайдаланушы ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ (пайдаланушының атауы) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң ____N____ қаулысымен бекiтiлген Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесiнiң және Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) қосымшаларына, сондай-ақ қоса берiлiп отырған Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелердегi пайдалану талаптарымен шектеулерiне сәйкес (авиациялық қызметтердiң түрлерi, халықаралық ұшулар және т.б.) жүзеге асыруға қабiлеттi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |