|
|
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысы (ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. N 517 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 қыркүйектегі N 938 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi құрылсын. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Зайсан-Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" және "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағына берiлсiн. ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. N 517 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы; 2-1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық- техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiне берудi қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің құрылатын аумақтық органдарының тізбесі 1. Солтүстік аймақтық балық инспекциясы 2. Батыс аймақтық балық инспекциясы 3. Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы 4. Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. N 517 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құзыретi шегiнде балық шаруашылығы саласында балық шаруашылығын мемлекеттік басқаруды, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттiң аумақтық органдары - аймақтық балық инспекциясы басқармалары, облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармалары бар. 2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитеттің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке Комитеттiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтар берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары 9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) балық шаруашылығы мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауға, өсiмiн молайту мен пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; 3) балық аулауды және балық өсiру - ұдайы өндiру қызметiн мемлекеттік реттеу, суға балық жiберу, балықтың жаңа түрлерiн жерсiндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн, балық шаруашылығы саласындағы мелиоративтiк-техникалық және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. 10. Комитет өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) балық шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысады және әзiрлейдi; 2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады, балық шаруашылығына инвестицияларды тартуға және пайдалануға ықпал етедi; 3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 4) балық шаруашылығы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, балық шаруашылығын жүргiзу саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады; 5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады, сондай-ақ балық ресурстарының және басқа да су жануарларының, оның iшiнде балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын шығаруға қатысады; 6) балықты және басқа да су жануарларын аулауға және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шарттарды жасасуға рұқсаттар бередi; 7) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаудың, өсiмiн молайту мен ұтымды пайдаланудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; 8) тауарлы балық шаруашылығының көл-тауар, тоған және басқа да нысандарын, балық аулау туризмiн дамытуды ұйымдастырады; 9) суға балық жiберу, балықтың жаңа түрлерiн жерсiндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн, балық шаруашылығы саласындағы мелиоративтiк-техникалық және басқа да iс-шараларды ұйымдастырады; 10) балық өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi қазiргi заманғы технологияларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 11) балық шаруашылығы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, биологиялық алуан түрлiлiгiн сақтау саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысады; 12) балық өңдеу кәсiпорындарын балық өнiмдерiн Еуропалық Одақ елдерiне экспорттаушы кәсiпорындар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi рәсiмдердi жүргізедi; 13) жойылып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияға (СИТЕС) сәйкес Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк органы үшiн бекiре балықтардың түрлерiнен өнiмдердiң экспортына арналған тиiстi қорытындылар дайындайды; 14) балықтардың және су жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар балық шаруашылығы саласындағы нормативтiк құжаттарды шығаруға; 2) оның қарамағындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға; 3) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен іс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi жүзеге асыруға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес оның құзыретiне жататын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға; 5) заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы жасауға; 6) балық аулау мен басқа да су жануарларын және балық шаруашылығы су қоймаларын бекiту, пайдалану және қорғау ережелерiн бұзуды жою туралы мiндетті түрде орындалуға тиiс нұсқаулар беруге; 7) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану ережелерiн бұзған кезде балық шаруашылығына бекiтiлген су қоймаларын пайдалану құқығын тоқтату және өзгерту туралы тыйым салуға және ұсыныстар енгiзуге; 8) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе оған келушi азаматтардан, лауазымды тұлғалардан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануда белгiленген ережелер мен нормалардың, тыйым салулар мен шектеулердiң сақталуын талап етуге, заң бұзушылықтарды тоқтату туралы мiндеттi түрде орындалуға тиiс нұсқаулар беруге; 9) табиғатты пайдаланушылардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз пайдалануын тоқтатуға, оларды жүргiзу кезiнде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өндiру және пайдалану жөнiндегi ережелер, нормалар және өзге де талаптар бұзылатын кезде жұмыстарды тоқтата тұруға; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен талаптармен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға; 11) өз функцияларын орындауға қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан сұрауға және алуға; 12) Қазақстан Республикасы Yкiметiне мыналар: балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану тәртiбiн анықтау; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар; балық түрлерiн сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлер, сондай-ақ балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлер санаттарына жатқызу; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн белгiлеу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мемлекеттік кадастрын жүргiзу; Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекiту; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшiн төлемдердiң ставкалары; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өндiру және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 13) тиiстi мемлекеттiк органдарға балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру және балық шаруашылығы су қоймаларын бекiту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Комитеттiң мүлкi 12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құралады әрi негiзгi және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады. 13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше оқшаулауға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның Комитет төрағасының ұсыным бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. 16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өзiнiң қызметтерiнiң жүзеге асырылуы үшiн дербес жауап бередi. 17. Төраға осы мақсаттарда: 1) Комитеттiң қызметкерлерiн, Комитеттiң аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) өзiнiң орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн белгiлейдi; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн, Комитеттің аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын көтермелейдi және тәртiптiк жаза қолданады; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде Комитеттiң ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң ережелерiн бекiтедi; 6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің өкiлдiгiн бiлдiредi; 7) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiмен келiсiм бойынша Комитеттiң штат кестесiн бекiтедi; 8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 18. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің құрылымы Басшылық Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы Қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. N 517 қаулысымен тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi 1. "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi 2. "Балқаш-Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi 3. "Зайсан-Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi 4. "Орал-Атырау бекiре балық өсiру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 5. "Атырау бекiре балық өсiру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 6. "Майбалық балық питомнигi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 7. "Жоғарғы Тобыл балық питомнигi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 8. "Петропавл балық питомнигi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 9. "Қарағанды балық питомнигi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 10. "Шардара балық питомнигi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 11. "Қамыстыбас балық питомнигi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 12. "Қашыр балық питомнигi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 13. "Қазақ өндiрiстiк-жерсiндiру станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 14. "Қапшағай уылдырық шашу - өсiру шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 15. "Бұқтырма уылдырық шашу - өсiру шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. N 517 қаулысымен тізбемен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi 1. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 3. Зайсан-Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 4. Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы. 5. Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы. 6. Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы. 7. Орталық-Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 44-87, 44-88, 44-91, 44-92, 44-93, 44-94, 44-95, 44-96, 44-97, 44-98, 44-100, 44-101-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттік нөмiрлерi 44-105, 44-106, 44-107, 44-108, 44-109, 44-110, 44-111, 44-112, 44-113, 44-114, 44-115, 44-116-жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi 44-105 "Бұқтырма уылдырық шашу - Шығыс Қазақстан облысы, өсіру шаруашылығы" қазыналық Күршім ауданы кәсіпорыны 44-106 "Жоғарғы Тобыл балық Қостанай облысы, питомнигi" қазыналық Лисаков қаласы кәсiпорны 44-107 "Қамыстыбас балық питомнигi" Қызылорда облысы, қазыналық кәсiпорны Арал ауданы 44-108 "Қапшағай уылдырық шашу - Алматы облысы, өсiру шаруашылығы" Еңбекшiқазақ ауданы қазыналық кәсiпорны 44-109 "Қазақ өндiрiстiк-жерсiндiру Алматы қаласы станциясы" қазыналық кәсiпорны 44-110 "Қарағанды балық питомнигi" Қарағанды қаласы қазыналық кәсiпорны 44-111 "Қашыр балық питомнигi" Павлодар облысы, қазыналық кәсiпорны Қашыр ауданы 44-112 "Майбалық балық питомнигi" Астана қаласы қазыналық кәсiпорны 44-113 "Петропавл балық питомнигi" Петропавл қаласы қазыналық кәсiпорны 44-114 "Шардара балық питомнигi" Оңтүстiк Қазақстан қазыналық кәсiпорны облысы, Шардара қаласы 44-115 "Орал-Атырау бекiре балық Атырау қаласы өсiру зауыты" қазыналық кәсiпорны 44-116 "Атырау бекiре балық өсiру Атырау қаласы". зауыты" қазыналық кәсiпорны 2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 357-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде: 3-тармақтың екiншi абзацы "Балық шаруашылығы комитетi" деген сөздермен толықтырылсын. 3. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 қарашадағы N 1239 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 42, 423-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ережеде: 10-тармақтың 5), 7), 10) тармақшаларындағы "(балық ресурстарынан", "(балықтан" деген сөздерден кейiн "және басқа да су жануарларынан" деген сөздермен толықтырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |