|
|
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 785 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығын iске асыру және Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Штаб бастықтарының комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-теңiз күштері құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мынадай: 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-теңiз күштерi бас қолбасшысының басқармасы; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ракета әскерлерi мен артиллерия қолбасшысының басқармасы; 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тыл бастығы басқармасы мемлекеттiк мекемелерi құрылсын. 3. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Штаб бастықтарының комитетi туралы ереже бекiтілсін: 2) (құпия). 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi қайта аталсын. 5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) бiр ай мерзiмде 2004-2005 жылдар кезеңiне арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң штат санының лимитi бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қорғаныс министрлiгiнiң, Штаб бастықтары комитетiнiң және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын енгiзсiн; 2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi штат санының лимитi шегiнде Штаб бастықтары комитетiнiң құрылымын әзiрлесiн және бекiтсiн; 3) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн; 4) құрылған мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн және қайтадан аталған мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 тамыздағы N 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 376-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақта: бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы арқылы (бұдан әрi - Бас штаб)" деген сөздер алынып тасталсын; екiншi абзац алынып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауы. Арнайы экономикалық аймақ, 2 үй"; 11-тармақтың 4), 9), 10), 14), 21), 24), 25), 27), 29) тармақшалары алынып тасталсын; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "13) әскери кадрлардан даярлаудың бiртұтас, көп салалы ұлттық жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және әскери кадрларды, соның iшiнде басқа мемлекеттердiң әскери оқу орындарында даярлауды қамтамасыз етедi"; 28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "28) әскери есепке алу, азаматтарды әскери қызметке даярлау және оларды әскери қызмет пен жиындарға шақыру жөнiндегi жұмыстарды, сондай-ақ шақыруға дейiнгi және шақыру жасындағы жастар денсаулығының жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады"; 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "30) әскери қылмыстар бойынша анықтауды, iздестiрудi және құқық бұзушыларды ұстауды жүзеге асыру жөнiндегi әскери полиция органдарының қызметiн ұйымдастырады"; 19-тармақта: 6) тармақшада "Республиканың егемендігін, аумақтық тұтастығын қорғау үшін" деген сөздер алынып тасталсын; 9) тармақша алынып тасталсын; 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 785 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтарының комитетi туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Штаб бастықтарының комитетi (бұдан әрi Комитет) бейбiт уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне стратегиялық басшылық жасауды және әскери қауiпсiздiк пен мемлекет қорғанысы мәселелерiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын Қорғаныс министрлiгiнiң ведомствосы, ал соғыс уақытында - Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасының басшылығымен Қарулы Күштерге стратегиялық басшылық жасаудың негiзгi органы болып табылады. 2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қорғаныс министрiнiң бұйрықтары мен директиваларын және осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комитеттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы бөлулер есебiнен жүзеге асырылады. 4. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкiлерi болады. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттiк шоттары және банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттi болса. 5. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндетті күшi бар тиiстi актiлер шығарады. 6. Комитеттiң құрылымын бекiтiлген штат санының лимитi шегінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiтедi. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi бекітедi. 7. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауы, арнайы экономикалық аймақ, 2-үй. 8. Комитеттің толық атауы - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi "Штаб бастықтарының комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 9. Осы ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 2. Штаб бастықтары комитетiнiң негізгі мiндеттерi мен функциялары 10. Комитетке мынадай мiндеттердi шешу: 1) әскери-саяси ахуалды талдау, Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiне төнуi ықтимал қауiптiң сипаты мен дәрежесiн айқындау және Қорғаныс министрi шешім қабылдау үшiн ұсыныстар дайындау; 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын қолдануды жедел-стратегиялық жоспарлау; 3) әскери доктринаны, әскери саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрылысы мен дамыту жоспарларын әзiрлеуге қатысу; 4) Қарулы Күштердiң жауынгерлік және жұмылдыру әзiрлiгiн қолдау басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жедел және жұмылдыра даярлау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру, сондай-ақ олардың жай-күйiн бақылау; 5) Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерiнiң жедел мақсаты мен міндеттерін айқындау, оларды Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерiмен және әскери құралымдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде басқа да мемлекеттердiң қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдану; 6) Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң күзетi мен қорғанысын ұйымдастыру; 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi күнделiктi қызметтi жоспарлау және ұйымдастыру, құқық тәртiбi мен әскери тәртiптi қамтамасыз ету; 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жасақтауды жоспарлау және ұйымдастыру; 9) Қарулы Күштердiң қару-жараққа, әскери техникаға, басқа да материалдық құралдарға қажеттiлiгiн айқындау, оларды пайдалануды, сақталуын қамтамасыз етудi, есептен шығару мен пайдаға асыруды ұйымдастыру, олармен Қарулы Күштерді жұмылдыра өрiстетудi қамтамасыз етудi жоспарлау; 10) әскерлер қызметімен байланысты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру жүктеледі. 11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды: 1) Қарулы Күштердi жедел-стратегиялық жоспарлауды, қолдану мен жауынгерлiк және күнделiктi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады; 2) Қарулы Күштердiң құрылысы мен дамыту және әскерлердi жұмылдыра өрiстету жоспарын әзiрлейдi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрылысы мен дамытудың жоспарларын әзiрлеудi үйлестiреді, олардың орындалуын бақылайды; 3) мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн Қолдану жоспарын әзiрлейді, Қарулы Күштердiң Жұмылдыру жоспарын әзiрлеуге қатысады; 4) Қарулы Күштердiң жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн, жедел, жұмылдыру және жауынгерлiк даярлығын қолдау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi; 5) Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң күзетi мен қорғанысын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi; 6) Қарулы Күштердiң Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады; 7) экономиканы, мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды соғыс уақытында қызмет етуге жұмылдыру даярлығын ұйымдастыруға қатысады; 8) аумақтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеудi үйлестiредi, аумақтық қорғаныс мiндеттерiн орындауға қатысатын күштер мен құралдардың iс-қимылын ұйымдастырады; 9) Қарулы Күштердегi тәрбие жұмысына, әскерлер қызметiн және әскери тәртiптi нығайту, заңдылық пен құқық тәртiбiн, әскери қызметтiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Жарғыларының талаптарын орындау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға басшылық жасауды жүзеге асырады; 10) Қарулы Күштердi мерзiмдi қызметтiң, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлермен жасақтауды және жұмысшылар мен қызметкерлер қабылдауды ұйымдастырады және жүргiзедi; 11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрiнiң қарауына Номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiндегi ұсыныстарды енгiзедi; 12) Қарулы Күштердi қару-жарақтың, әскери техниканың қажеттi түрлерiмен, оқ-дәрiлермен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есептен шығару мен пайдаға асыруды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердiң жұмылдыра өрiстетiлуi үшiн осы құралдар қорларының жинақталуын және орналастырылуын жоспарлайды; 13) Қарулы Күштердегi әскери ғылымды дамыту бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi; 14) әскерлер қызметiмен байланысты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдануды және басқаруды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады. 3. Штаб бастықтары комитетiнiң мүлкi 12. Комитеттiң оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi оған жедел басқаруға берiлген Қорғаныс министрлiгiнiң мүлкi есебiнен құралады. 13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитет өзiне бекiтiлiп берiлген әскери мақсаты бар мүлiкке қатысты иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырады. 4. Қызметтi ұйымдастыру және жауапкершiлiк 15. Комитет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгi және Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуы үшiн жауапкершiлiкте болады. 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бiрiншi орынбасары болып табылатын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын комитет төрағасы (бұдан әрi төраға) басқарады. 17. Төрағаның, төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын орынбасарлары болады. 18. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердi орындауда және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершiлiкте болады. 19. Төраға заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай өкілеттiлiктердi жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiнiң жай-күйiн, олардың күнделiктi қызметiн, әскерлердегi әскери тәртiп пен құқық тәртiбiнiң жай-күйiн, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын, әскерлердiң мiндеттердi орындауы кезiндегi экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды ұйымдастырады; 2) Қорғаныс министрiне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылысы, оларды қолдану және жұмылдыра өрiстету жөнiндегi, оларды қару-жарақтың, әскери техниканың негiзгi түрлерiмен және басқа да материалдық-техникалық және ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету, азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргiзу жөнiнде ұсыныстар бередi; 3) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне мемлекеттiң қорғанысын және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ұсыныстар дайындау үшiн Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, мемлекеттiк органдарының өкілдерiн тартады, тиiстi мемлекеттiк органдар мен мекемелерден жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгi iс-шараларын жоспарлау үшiн қажеттi мәлiметтердi сұрау салады; 4) Қорғаныс министрiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесiн Қарулы Күштердiң және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгi мәселелерi жөнiнде хабардар етедi; 5) өз орынбасарларының, Комитеттiң лауазымды адамдарының және құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiктерiн айқындайды; 6) бекiтiлген Номенклатураға сәйкес әскери қызметшiлердi лауазымдарға тағайындайды, лауазымдарынан босатады және орындарын ауыстырады; 7) бекiтiлген Номенклатураға сәйкес Қорғаныс министрiне лауазымдарға тағайындау, әскери атақтар беру үшiн, мемлекеттiк наградалармен наградтауға және Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын беруге генералдар мен офицерлердiң кандидатураларын ұсынады, Қарулы Күштердiң әскери қызметшілерi мен азаматтық қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ тәртiптік жазаға тартады; 8) әскери қызметшiлер, олардың отбасы мүшелерi, жұмысшылар мен қызметкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi; 9) бұйрықтар мен директивалар шығарады; 10) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады. 20. Комитеттiң әскери консультативтiк кеңесi болады. Әскери консультативтiк кеңестiң саны мен дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Төраға бекітедi. 5. Қайта ұйымдастыру және тарату 21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 785 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қайта аталатын мекемелерiнiң тiзбесi 1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 2) "21140 әскери бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 3) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ұтқыр күштерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Аэроұтқыр әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 4) "Оңтүстiк әскери округi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесi "Оңтүстiк" өңiрлiк қолбасшылығы әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 5) "Шығыс әскери округi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесi "Шығыс" өңiрлiк қолбасшылығы әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 6) "Батыс әскери округi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесi "Батыс" өңiрлiк қолбасшылығы әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 7) "Орталық әскери округі қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесi "Астана" өңiрлiк қолбасшылығы әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 8) "Астана қаласының әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Астана қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi" мемлекеттік мекемесiне; 9) "Астана қаласының Алматы аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесi "Астана қаласы Алматы ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 10) "Астана қаласының Сарыарқа аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Астана қаласы Сарыарқа ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 11) "Ақмола облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi" мемлекеттiк мекемесiне; 12) "Көкшетау қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Көкшетау қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 13) "Ақмола облысының Ақкөл аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Ақкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 14) "Ақмола облысының Аршалы аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Аршалы ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 15) "Ақмола облысының Астрахан аудандық бiрiккен әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрілген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 16) "Ақмола облысының Атбасар қалалық бiрiккен әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Атбасар қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрілген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 17) "Ақмола облысының Бұланды аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Бұланды ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 18) "Ақмола облысының Еңбекшiлдер аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 19) "Ақмола облысының Ерейментау аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 20) "Ақмола облысының Есiл аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Есiл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесiне; 21) "Ақмола облысының Жақсы аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 22) "Ақмола облысының Жарқайың аудандық бiрiккен әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Жарқайың ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 23) "Ақмола облысының Зерендi аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Зерендi ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 24) "Ақмола облысының Қорғалжын аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Қорғалжын ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 25) "Ақмола облысының Сандықтау аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 26) "Ақмола облысының Степногорск қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Степногорск қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 27) "Ақмола облысының Целиноград аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Целиноград ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 28) "Ақмола облысының Шортанды аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Шортанды ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 29) "Ақмола облысының Щучинск қалалық бiрiккен әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақмола облысы Щучинск қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрілген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 30) "Ақтөбе облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi" мемлекеттiк мекемесiне; 31) "Ақтөбе қаласының әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесi "Ақтөбе қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 32) "Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 33) "Ақтөбе облысының Алға аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Алға ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 34) "Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 35) "Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 36) "Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 37) "Ақтөбе облысының Мартөк аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Мартөк ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 38) "Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 39) "Ақтөбе облысының Темiр аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Темiр ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 40) "Ақтөбе облысының Ойыл аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 41) "Ақтөбе облысының Қобда аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Қобда ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 42) "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 43) "Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне; 44) "Алматы қаласының әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Алматы қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi" мемлекеттiк мекемесiне; 45) "Алматы қаласының Алмалы аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Алматы қаласы Алмалы ауданының қорғаныс істері жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 46) "Алматы қаласының Әуезов аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Алматы қаласы Әуезов ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне; 47) "Алматы қаласының Бостандық аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi "Алматы қаласы Бостандық ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |