|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбiр шешiмдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 1. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары және бiлiктiлiк талаптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 52, 506-құжат): тақырыбындағы және мәтініндегi "жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды", "жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдаумен" деген сөздер "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды", "автомобиль көлiгімен қауiптi жүктердi тасымалдаумен, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдаумен" деген сөздермен ауыстырылсын; 1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ережеде: тақырыбындағы және мәтініндегi "автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдауды", "автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдау" деген сөздер "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды", "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ мынадай мазмұндағы з) және и) тармақшалармен толықтырылсын: "з) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін міндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi; и) жүргiзушiнің қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерi және жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегi арнайы оқу орталықтарында оқу оқығанын растайтын құжаттар."; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарында: тақырыбындағы және мәтініндегi "жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдаумен", "Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдаумен" деген сөздер "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдаумен, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдаумен" деген сөздермен ауыстырылсын; бесiншi абзац "ережелерiнiң" деген сөзден кейiн "және Қауiптi жүктердi халықаралық жолмен тасымалдау туралы еуропалық келiсiмнiң" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 203-құжат): 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi.". 3. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгімен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шілдедегi N 714 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте: 1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi."; 2) мемлекеттiк тiлдeгі мәтiнiнде 19-тармақтың төртiншi абзацындағы "тиiс" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi болуы". 4. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы Ережеде: 10-тармақтың 2) тармақшасындағы "және темiр жол" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақта: 1) тармақшадағы "және темiр жол" деген сөздер алынып тасталсын; 7) тармақша "құрылыстарды" деген сөзден кейiн "және олардың жабдықтарын" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын: "15-2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін міндеттi сақтандыру шартын жасасуына мемлекеттiк бақылау жүргiзудi;"; мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын: "17-1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн бақылауды; 17-2) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау кезiнде Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын сақтауын бақылауды;"; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "18) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының жүрiп өтуiне және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларының шетел мемлекеттерiнің аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар бepу;"; 12-тармақта: 3) тармақшадағы "және темiр жол" деген сөздер алынып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес хаттамалар толтыруға, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы icтep бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;"; мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 22) тармақшадағы "құқығы бар" деген сөздердiң алдынан ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын: "23) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен автокөлiк құралдарын көлiктiк бақылау бекеттерiнде тоқтатуға; 24) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда автокөлiк құралдарын қарауға". 5. "Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 тамыздағы N 786 қаулысында: 3-тармақтың 1) тармақшасындағы төртiншi, алтыншы және сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Темiр жол көлiгi комитетi туралы ережеде: 11-тармақтың 9) тармақшасында: "темiр жол" деген сөздердің алдынан ", өз құзыретiнiң шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын; мемлекеттiк тілдегi мәтiнінде "саласында жеке және заңды тұлғалардың қызметiн" деген сөздер "саласындағы қызметтi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |