|
|
|
Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгі құрылымын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысы Осы редакция 2005 ж. 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекiтiлсiн. 2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi: 1) жергілiктi мемлекеттiк басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн; 2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын. 3. Орталық мемлекеттiк органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы 1. Облыстық әкімдік 1. Облыс әкiмiнiң аппараты 2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (басқармасы) 3. Iшкi саясат департаменті (басқармасы) 4. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы департаменті (басқармасы) 5. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (басқармасы) 6. Денсаулық сақтау департаменті (басқармасы) 7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (басқармасы) 8. Мәдениет департаменті (басқармасы) 9. Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментi (басқармасы) 10. Білiм беру департаменті (басқармасы) 11. Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаменті (басқармасы) 12. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаменті (басқармасы) 13. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (басқармасы) 14. Табиғи монополиялардың қызметiн реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті (басқармасы) 15. Ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) 16. Қаржы департаменті (басқармасы) 17. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (басқармасы) 18. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бөлімi) 19. Жер қатынастары басқармасы 20. Тiлдерді дамыту жөнiндегi басқарма 21. Дене тәрбиесi және спорт басқармасы (бөлімі) 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі 1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкiмінiң аппараты 2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (басқармасы) 3. Iшкi саясат департаменті (басқармасы) 4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаменті (басқармасы) 5. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi (басқармасы) 6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті (басқармасы) 7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментi (басқармасы) 8. Денсаулық сақтау департаменті (басқармасы) 9. Мәдениет департаментi (басқармасы) 10. Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментi (басқармасы) 11. Білім беру департаменті (басқармасы) 12. Жолаушылар көлiгі және автомобиль жолдары департаментi (басқармасы) 13. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi (басқармасы) 14. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау департаменті (басқармасы) 15. Табиғи монополиялардың қызметiн реттеу және бәсекелестiктi қорғау департаменті (басқармасы) 16. Қаржы департаменті (басқармасы) 17. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (басқармасы) 18. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бөлiмі) 19. Жер қатынастары басқармасы 20. Тiлдердi дамыту жөніндегi басқарма 21. Дене тәрбиесi және спорт басқармасы (бөлімі) 3. Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (тұрғындар саны 50 000 адамнан артық) әкімдігі 1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімiнiң аппараты 2. Iшкi саясат бөлiмi 3. Қала құрылысы және құрылыс бөлiмi 4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi 5. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi 6. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi 7. Білiм беру және спорт бөлiмi 8. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi (Облыстық маңызы бар қалада жер қатынастары бөлiмi) 9. Қаржы бөлiмi 10. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімi 4. Ауданның (тұрғындар саны 50 000 адамнан аз) әкiмдігі 1. Аудан әкiмiнiң аппараты 2. Iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi 3. Қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi 4. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi 5. Бiлiм беру және спорт бөлiмi 6. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi 7. Экономика және қаржы бөлiмi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |