|
|
|
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334 қаулысы (ҚР Үкіметінің 20.11.99 ж. N 1756; 18.04.00 ж. N 599; 25.05.00 ж. N 792; 03.11.00 ж. N 1665; 21.08.01 ж. N 1095; 07.12.01 ж. N 1596; 17.07.02 ж. N 794;06.08.03 ж. N 786 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 21 қарашадағы N 1165 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. N 792 қаулысмен атауы мен мәтініндегі "және туризм" деген сөздер алынып тасталды "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 355 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ереже бекітілсін. ҚР Үкіметінің 20.11.99 ж. N 1756 қаулысымен 2-тармақтың 3-тармақшасы күшін жойды 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2001 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тізбесінде: реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар темір жол, өзен, теңіз, әуе министрлігінің Көліктік бақылау көлігімен жолаушылар мен комитеті жүктерді тасымалдау, жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау; қауіпті жүктерді көліктің барлық түрлерімен тасымалдау; авиациялық жұмыстар; әуежайларда әуе кемелеріне, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызмет; радиожиілік спектрін пайдалану; технологиялық және ішкі өндірістік мақсаттағы, сондай-ақ курьерлік қызмет көрсетулерді қоспағанда почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы қызмет; байланыстың жалпырес-. публикалық магистральдық және халықаралық желілерін пайдалану" реттiк нөмiрi 28-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 469-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиілік спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ережеде: 2-тармақтағы "почта байланысы мен телекоммуникациялар жөнiндегi мемлекеттiк басқару органы ретiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Лицензияларға Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы қол қояды"; 18 және 35-тармақтардың екiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi" деген сөздер Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "44. Лицензиаттардың лицензиялық шарттарды сақтауын бақылауды лицензиар жүзеге асырады"; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген аталған Ережеге 3-қосымшада: 1-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1322 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 444-құжат) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы Ереже ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. N 792 қаулысмен ереженің атауы мен мәтініндегі "және туризм" деген сөздер алынып тасталды 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет), Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған салада салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. N 792 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Әуезов көшесі, 71. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары ҚР Үкіметінің 18.04.00 ж. N 599; 03.11.00 ж. N 1665; 21.08.01 ж. N 1095; 06.08.03 ж. N 786 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) көлiктік кешендегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) әуе және темір жол көлігінен басқа көлiктiң барлық түрлерiнiң жұмысына байланысты көлiктiк, коммуникациялық және басқа да қызмет көрсетулер рыногының қалыпты жұмыс iстеуi, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, көлiктi пайдаланатын тұтынушылардың мүдделерiн қорғау үшiн жағдай жасау; 3) әуе көлігінен басқа, көліктің барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету; 4) өз құзыретiнiң шегiнде көлiктiк қызмет көрсетулер саласындағы, мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру; ҚР Үкіметінің 18.04.00 ж. N 599; 25.05.00 ж. N 792; 03.11.00 ж. N 1665; 21.08.01 ж. N 1095; 07.12.01 ж. N 1596; 17.07.02 ж. N 794 ;06.08.03 ж. N 786 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды: 1) Қазақстан Республикасының аумағында өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардың әуе және темір жол көлігінен басқа көлiк барлық түрлерiнiң жұмыс iстеуiнiң тәртiбiн айқындайтын заңды және өзге де нормативтiк актiлердi сақтауын мемлекеттiк бақылауды, олардың бұзылуын анықтау және оның жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдауды; 2) көлiктік кешендегi қызметтi реттейтiн заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысуды; 3) авиациялықтан басқа көлiктiк қызметтер, саласында кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялауды, сондай-ақ лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылаудан; 4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен көліктік қауiпсiздiк мәселелерiн шешу кезiнде өзара iс-қимыл жасасуды; 5) өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда көліктегі қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдіруді; 6) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша, оның iшiнде көліктегі қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi реттейтiн мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi және қабылдауды; 7) қадағалаудағы кемелер мен олардың техникалық жабдықтарын, жағалаулық объектілерді, гидроқұрылыстарды, порттарды, шағын өлшемді кемелер үшін тұрақ-базалары және Қазақстан Республикасының акваторияларындағы басқа да құрылыстарды жіктеуді және техникалық куәландыруды; 15) Қазақстан Республикасының акваторияларында мемлекеттiк кемелердiң олардың тiзiлiмiн жiктеудi, тiркеудi жүргiзу және теңiз, аралас (өзен-теңiз), iшкi жүзудегi өздiгiнен жүзетін, өздiгiнен жүзбейтiн шағын өлшемдi кемелердiң (әскери теңiз жалауымен жүзетiн кемелердi қоспағанда) жүзуiнiң қауiпсiздiгiн, порттарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етудi қадағалауды; 15-1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалануына рұқсат берудi және оның мерзiмiне мемлекеттiк бақылау жасауды; 16) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының айдындарында кемелермен болған авариялар мен уақиғаларды зерттеуге, оларды жіктеуге және есебін жүргізуге қатысуды; 17) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат ету жүйесі талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылауды; 18) шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне, кетуіне, ол арқылы жүріп өтуіне, тасымалдауларды орындауына рұқсаттар беруді; 19) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнаулы рұқсат беруді; 20) жол қозғалысының, жолаушылар мен жүктердің темір жол көлігімен тасымалдануының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау жасауды, темір жол уақиғалары мен оқиғаларының алдын алу жөнінде ұсынымдар әзірлеуді; 21) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде темiржол көлiгiндегi (Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi құралдарымен) апаттарды, аварияларды және қақтығыстарды тергеуге, сондай-ақ темiр жол көлiгiндегi қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзудың алдын-алу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға қатысу; 22) радиожиілік спектрінің, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуына оларды пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексерістер жүргізуді; 29) заңдарда көзделген өзге да функцияларды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 18.04.00 ж. N 599; 25.05.00 ж. N 792; 03.11.00 ж. N 1665; 21.08.01 ж. N 1095 ;06.08.03 ж. N 786 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді 12. Комитеттiң өз мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұратуға; 2) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға; 3) әуе және темір жол көлігінен басқа көлiктiң барлық түрлерiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметiн олардың көлiктiң жұмыс iстеуiнiң тәртiбiн айқындайтын заңдардың ережелерiн сақтауы бөлiгiнде тексеруге; 4) өз құзыретiнiң шегінде тексерулердiң нәтижелерi бойынша актiлер жасауға және көлiктiң жұмыс iстеуiнiң тәртiбiн айқындайтын заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және нормалардың талаптарының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарым енгiзуге; 5) өз құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға; 6) шетелдiк ұйымдармен өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша сыртқы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға; 7) Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшiн мамандарды тартуға; 8) мемлекеттік органдарға көліктік уақиғалардың, көлік тәртіптерінің бұзылуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге; 12) кеме жүргізушілерді даярлау жөнінде курстар ұйымдастыруға, оларды аттестациялауды жүзеге асыруға; 13) командалық және қатардағы құрамның тұлғаларына атқаратын қызметiне сәйкес дипломдар мен куәліктер беруге, оларды тиiстi аттестаттаған кезде шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беруге; 14) қадағалауындағы кемелерге кемелiк құжаттар мен мемлекеттiк борттық нөмiрлер беруге, теңiз, аралас (өзен-теңiз), iшкі жүзудегi кемелердiң командалық құрамында дипломдардың, куәлiктердiң және оларға куәландырулардың болуын тексеруге; 15) жағдайы кеме жүруі мен теңізде жүзу қауіпсіздігінің, қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына жауап бермейтін кемелер мен басқа да жүзетін құралдарды пайдалануды, сондай-ақ шағын көлемді және балық аулау кемелері мен оларға арналған база-тұрақтарды пайдалануды тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға; 16) кеме жүруі мен теңізде жүзудің қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кемелердің командалық құрамындағы адамдардан дипломдарға бақылау талондарын алуға, кеме жүргізушілерді кемені басқаруға арналған құқықтарынан айыруға; 17) жағдайы немесе ұсталуы Қазақстан Республикасында белгiленген талаптарға, оның iшiнде қоршаған ортаны қорғау нормаларының талаптарына жауап бермейтiн темiр жол көлiгi мен техникалық құралдардың пайдаланылуын тоқтату жөнiнде шаралар қабылдауға; 17-1) өз құзыретiнiң шегінде Қазақстан Республикасы темiр жол көлiгi құралдарының тiзiлiмiн жүргiзуге және жүргiзу тәртiбiн анықтауға; 22) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Комитеттің мүлкi 13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. 14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады. 17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады. ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. N 792; 03.11.00 ж. N 1665 қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді 18. Төраға осы мақсатта: 1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; 1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; 2) заңдарға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады; 4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) Комитеттiң аумақтық органдарының ережелерiн, құрылымын және штаттық кестесiн бекiтедi; 7) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 8) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. N 792; 03.11.00 ж. N 1665 қаулыларымен 19-тармақ өзгертілді 19. Комитеттiң қызметкерлерi (лауазымды тұлғалар) билiк өкiлдерi болып табылады, Комитет бекiткен белгiленген үлгiдегi арнаулы куәлiгi мен өңiрлiк белгiлерi, ерекше қызметтiк киiм нысаны болады, қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде байланыстың арнаулы техникалық құралдары мен арнаулы автокөлiктi пайдалануға, сондай-ақ Комитеттiң көліктік постыларда жұмыс кезiнде жезлдi, ысқырықты және шлагбаумды пайдалануға құқылы. 20. Комитеттiң ұшуға рұқсаты бар қызметкерлерi мамандығын көрсету арқылы ұшуға тапсырмаға жазба жасау жолымен "Тексерушiлер" деген бағанға, ал мұндай рұқсаты жоқтар - әуе кемесi экипажының кабинасында болу құқығымен "Қызметтiк жолаушылар" деген бағанға енгiзiле алады. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |