|
|
|
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысы (ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254; 12.07.02 ж. N 770; 21.05.03 ж. N 473; 05.03.04 ж. N 286 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасында оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 920 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 213-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртiбi туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi. ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды 2. алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254; 05.03.04 ж. N 286 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнде мемлекеттiк бiлiм тапсырысы (гранты), сондай-ақ бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелер негiзiнде оқитындардың, мемлекеттiк стипендия тағайындалатын және төленетiн, жекелеген санаттарына мына азаматтар жатады: 1) бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитын жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар (оқушылар мен студенттер); 2) орта кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындар (оқушылар); 3) жоғары кәсiптiк бiлім беретiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындар (студенттер); 4) жоғары оқу орынынан кейiн кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындар (магистранттар, интерндер, аспиранттар, клиникалық ординаторлар, докторанттар); 5) жоғарғы кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары болып табылатындар (тыңдаушылар). 4. Нұсқаулық тағайындалуы мен төленуi Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттелетiн, Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған атаулы стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбiне қолданылмайды. 2. Мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың мемлекеттiк стипендияларының мөлшерi ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254; 05.03.04 ж. N 286 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. Студенттерге төленетiн ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң 3 есе мөлшерiнде белгiленедi. ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. N 286 қаулысымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бiрiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттiк стипендия тағайындалады. ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. N 286 қаулысымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Мемлекеттiк білім беру тапсырысы немесе гранты негізiнде мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына қабылданған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға келесi семестрлерге мемлекеттiк стипендия алдыңғы семестр үшiн емтихандық сессияның қорытындысы бойынша тағайындалады және төленедi. 8. Магистранттар мен интерндерге мемлекеттік стипендия мөлшерi студенттердiң мемлекеттік стипендиясы деңгейiнде белгіленедi. 9. Тыңдаушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерi студенттердiң мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 85 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. 10. Мемлекеттік тапсырыс негiзiнде оқитын оқушыларға мемлекеттiк стипендия студенттердiң мемлекеттік стипендиясының 80 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. ҚР Үкіметінің 21.05.03 ж. N 473 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Мемлекеттік тапсырыс негізiнде оқитын клиникалық ординаторларға мемлекеттік стипендия мөлшерi мемлекеттiк медициналық ұйымның екiншi біліктiлiк санатындағы дәрiгердiң мамандығы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс стажымен лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленедi. ҚР Үкіметінің 12.07.02 ж. N 770 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді 12. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқитын аспиранттарға ай сайынғы мемлекеттiк стипендия мөлшерi мемлекеттік ғылыми ұйымның мамандығы бойынша 1 жылға дейiнгi жұмыс стажы бар кiші ғылыми қызметкерiнiң лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленедi. ҚР Үкіметінің 12.07.02 ж. N 770 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 13. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқитын докторанттарға мемлекеттiк стипендия, жоғары кәсiптiк бiлім беретiн мемлекеттiк білім беру ұйымының мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар доцентiнiң лауазымдық жалақысынан аспайтын, алатын лауазымдық жалақысы мөлшерiнде белгіленедi. ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254 қаулысымен 14-тармақ алынып тасталды 14. алынып тасталды 3. Мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқитындардың жекелеген санаттарының мемлекеттік стипендияларының мөлшері 15. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендия осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес көлемде көбейтiледi. 16. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қамқорлығындағы студенттерге магистранттар мен оқушыларға мемлекеттiк стипендия тиiсiнше студенттердiң, магистранттар мен оқушылардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 50 (елу) пайызы мөлшерiнде белгiленедi. 17. Медициналық қорытындының негiзiнде академиялық демалыста жүрген студенттерге магистранттар мен оқушыларға академиялық демалыс кезiнде мемлекеттiк стипендия студенттердiң, магистранттар мен оқушылардың мемлекеттiк стипендиясы мөлшерiнiң 50 пайызы (мүгедектерге - 75%-i) мөлшерiнде белгiленедi. Туберкулезбен ауыратын, мемлекеттiк стипендия алатын адамдарға олардың уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы денсаулық сақтау органдарының тиiстi қорытындылары болған жағдайда, мемлекеттiк стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшiн олар ауырғанға дейiн алып келген мөлшерде белгiленедi және төленедi, бiрақ еңбекке жарамсыздық пайда болған күннен бастап 10 айдан аспайды. 18. Зейнетақы алатын студенттерге, магистранттарға, оқушыларға мемлекеттiк стипендия жалпы негiзде тағайындалады және төленедi. 4. Мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді және толықтырылды 19. Мемлекеттiк стипендия мемлекеттiк тапсырыс (грант) бойынша оқитын, бiлiмдi бақылаудың барлық нысандарын қоса алғанда, емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша "жақсы", "өте жақсы" деген бағалар алған студенттерге, магистранттарға, интерндерге емтихандық сессиядан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап тағайындалады және ай сайын төленедi. Жоғары оқу орындарының студенттерi, магистранттары, интерндерi, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының оқушылары болып табылатын барлық үлгерушi (емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша қарызы немесе аралық аттестацияның нәтижелерi бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттiк стипендия тағайындалады. 20. Аспиранттарға, докторанттарға, клиникалық ординаторларға және тыңдаушыларға мемлекеттік стипендия оқудың бүкiл мерзiмiне тағайындалады және ай сайын төленiп тұрады. 21. Жазғы сессияның қорытындылары бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға стипендия жазғы каникул кезеңi үшiн несиенiң ашылуына қарай екi ай үшiн (шiлде-тамыз) жинақталып төленедi. 22. Сынақтар мен емтихандарды жалпы белгiленген мерзiмде дәлелдi себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зiлзала) тапсыра алмаған студенттерге, магистранттарға, оқушыларға мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының басшылығы тапсыруға жеке уақыт белгiлейдi, содан кейiн стипендия жалпы негізде тағайындалады. 23. Жалақы төленетiн жұмыс орындарында және қызметтерде өндiрiстiк практика, жаздық каникул кезеңiнде, сондай-ақ жұмыс кезеңiнде стипендиаттар үшiн жалпы негізде стипендия алу құқығы сақталады. 24. Бiр мемлекеттік оқу орнынан басқасына, бiр оқу орнының бiр мамандығынан екiншiсiне ауыстырылған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға стипендия, оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейiн, жалпы негізде тағайындалады және төленедi. 25. Академиялық демалыста болу кезiнде, осы Нұсқаулықтың 17-тармағын қоспағанда, мемлекеттiк стипендия төленбейдi. Академиялық демалыстан келген студенттерге магистранттарға, оқушыларға мемлекеттiк стипендияны тағайындау мен төлеу алдағы (кезектi) сессияның қорытындылары бойынша белгiленген тәртiппен тағайындалады және төленедi. Сырқатына байланысты екiншi оқу жылына қалдырылған студенттерге, магистранттарға, оқушыларға стипендия кезектi емтихандық сессияның нәтижелерiне дейiн жалпы негiзде тағайындалады және төленедi. ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254; 05.03.04 ж. N 286 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 26-тармақ өзгертілді 26. Жүктiлiгiне және босануына байланысты демалысы кезiнде студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, докторанттарға және оқушыларға стипендия заңдарда белгiленген бүкiл мерзiм iшiнде толық мөлшерде төленедi. Академиялық демалыс кезiнде жүктiлiгi бойынша еңбекке жарамсыздығы туралы бiрыңғай үлгiдегi анықтама тапсырылған кезде академиялық демалыс үзілуге және жүктiлiгi және босануына байланысты демалыс ресiмделуi тиiс. Студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар және оқушылар сәбиге қарауына байланысты ол 1,5 жасқа толғанға дейiн академиялық демалыста болған жағдайда, стипендия төленбейдi. 5. Қорытынды ережелер 27. Мемлекеттiк стипендиялар: 1) оқитындар мемлекеттiк бiлiм беру ұйымынан шығарылған жағдайда, шығарылу себебiне қарамастан; 2) оқитындар қайтыс болған жағдайда; 3) мемлекеттік емес бiлiм беру ұйымына ауысқан жағдайда; 4) оқуды бiтiргеннен кейiн, оқуды бiтiргенi туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленбейдi. 28. Мемлекеттiк стипендия төлеудi тоқтату мемлекеттік бiлiм беру ұйымы басшысының тиiстi бұйрығы шығуымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысымен бекітілген Нұсқаулыққа қосымша Стипендия алуға құқығы бар мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарының мемлекеттік стипендиясына үстеменің мөлшері
Ескерту. Қосымшада көзделген үстемелер стипендияның бастапқы мөлшері бойынша жүргізіледі (басқа арттырулар есепке алынусыз).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |