|
|
|
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысы (ҚР Үкiметiнiң 20.03.98 ж. N 242; 28.04.98 ж. N 390; 05.05.00 ж. N 671; 07.11.03 ж. N 1112;02.02.04 ж. N 123 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Төтенше жағдайларда алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн одан әрi жетiлдiру, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң халықты және аумақтарды авариялардан, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнен қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерi жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия құрылсын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық бiрлестiктердiң авариялардың, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнiң алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн консультациялық-кеңесшi орган болып табылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. N 390 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. ҚР Үкіметінiң 05.05.00 ж. N 671 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмi облыстық (қалалық, аудандық) Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң орынбасарларына, ал ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі. 4. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдар Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде тиiстi салалық және объектiлiк комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң бiрiншi орынбасарларына (бас инженерлерiне) жүктейтiн болсын. 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi қосымшаға сәйкес күшiн жойды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысымен Бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультациялық-кеңесшi орган болып табылады және авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау және жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылып отыр. 2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiктерiн министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық және атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады. ҚР Үкiметiнiң 07.11.03 ж. N 1112 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау және жүргiзу; авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардан, халықты, елдiң аумағын қорғауға және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге шаралар жүйесiн жасау; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерi мен құралдарын құру және дамыту саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу; төтенше жағдайларда алдын алу және iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру мен одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау; төтенше жағдайлардың алдын алуға халықты және елдiң аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға және осы бағдарламаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiруге бағытталған мемлекеттiк нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру; министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың авариялардың, апаттардың, зiлзала және басқа нәубеттердiң салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiру; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктің барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, адамдардың жұқпалы аурулары iндетi мен жаппай улануының, мал эпизоотиясы мен өсімдiктер ауруының алдын алуға, оқшаулауға және жоюға, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын аса қауіпті аурулар мен карантиндiк жұқпалы аурулар әкелуден және олардың таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметiн үйлестіру. 4. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен: министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы iс-қимылын үйлестiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша заң және басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын жасауға қатысуға; министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша есебiн тыңдауға; министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық және атқарушы органдардан, меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден комиссияның қажеттi қызметi жөнiнде ақпарат сұратуға; министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, оның iшiнде бағдарламалық шараларды iске асыруға бюджеттен бөлiнген қаражатты, мақсатты пайдалануға талдау жасау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк мақсатты бағдарламаларды орындауына талдау жүргiзуге; Қазақстан Республикасының кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшылары мен келiсiм бойынша) төтенше жағдайларды алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi талдау жасалатын, сараптық және басқа жұмыстарды орындау үшiн тартуға құқылы. ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. N 390 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 05.05.00 ж. N 671 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 07.11.03 ж. N 1112 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкiметiнiң 02.02.04 ж. N 123 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады. ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. N 390; 05.05.00 ж. N 671 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң аппаратына жүктеледi. ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. N 390; 05.05.00 ж. N 671 қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Комиссия өзiнiң қызметiн төраға бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссияның мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі арқылы белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныстар енгiзедi. 8. Комиссияның құзыретiне сәйкес қабылданған шешiмдерiнiң нұсқаулық сипаты болады. 9. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiн Комиссия қарайтын және шешетiн неғұрлым маңызды мәселелер жөнiнде үнемi хабардар етiп отырады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшiн жойған шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Қазақ ССР-iнiң Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 11 қыркүйектегi N 525 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 мамырдағы N 476 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырдағы N 345 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қаңтардағы N 82 қаулысы. 5. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 сәуiрдегi N 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 210-бап). 6. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1119 қаулысы. 7. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 желтоқсандағы N 1379 қаулысы. 8. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1453 қаулысы. 9. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 223 қаулысы. 10. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 718 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |