Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы (2010.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2010.22.09. № 1066 Жарлығымен күші жойылды
Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету және «Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитет туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитеттiң құрылымы бекітілсiн. 2. Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитеттiң штат саны лимитi Әдiлет министрлігінiң орталық аппаратынан - 29 бiрлiктi, Жоғарғы Сот аппаратынан - 5 бiрлiктi, облыстық соттардан - 48 бiрлiктi, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларынан 145 бiрлiктi беру жолымен түзiледi деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң штат саны лимитi Әдiлет министрлігінiң орталық аппаратынан аталған лимиттердi беру жолымен 8 бiрлiкке көбейтiлсiн. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің келесi Жарлықтарына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына: 1-қосымшада: «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi» бағанында «317» саны «325» санымен алмастырылсын; «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты» бағанындағы «136» саны «131» санымен алмастырылсын. 3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына 3-Қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитеттiң штат саны лимитi Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|