|
|
|
Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінің кейбір мәселелері туралы (2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (Бұр. ред. қара) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 1521 қаулысына сәйкес, сондай-ақ көлік-коммуникация кешеніндегі мемлекеттік басқаруды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. № 724 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. № 724 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қараша № 1665 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті туралы Ереже ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. № 724 қаулысымен Ереже алып тасталды (бұр.ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1665 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. № 724 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. № 724 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. «Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметті лицензиялау, радиожиілік спектрiн пайдалану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 48, 469-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиілік спектрiн пайдалану» тәртібі туралы ережеде: 2 және 4-тармақтардағы «Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігінiң Көлiктiк бақылау» деген сөздер «Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 18 және 35-тармақтардың екiншi абзацтарындағы «Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгінің Көлiктiк бақылау деген сөздер «Көлiк және коммуникациялар министрлігiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген аталған Ережеге 3-қосымшада: 1-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтарындағы «Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігінің Көлiктiк бақылау» деген сөздер «Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. № 214 қаулысымен күші жойылды 5. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 7. «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қазандағы № 1521 қаулысына: мынадай мазмұндағы 1-1 тармақшамен толықтырылсын: «1-1. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы функцияларын, сондай-ақ қоса берiлiп отырған тізбеге сәйкес штат санын жаңадан құрылған Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру жолымен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелер құрылсын.». Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелердің тізбесі NN Атауы Орналасқан жері 1. Астана қаласы мен Ақмола Астана қаласы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру жөніндегі басқарма 2. Алматы қаласы мен Алматы Алматы қаласы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру жөнiндегі басқарма 3. Байланыс және ақпараттандыру Ақтөбе қаласы жөніндегі Ақтөбе облыстық басқармасы 4. Байланыс және Атырау қаласы ақпараттандыру жөніндегі Атырау облыстық басқармасы 5. Байланыс және Өскемен қаласы ақпараттандыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы 6. Байланыс және Жамбыл қаласы ақпараттандыру жөніндегі Жамбыл облыстық басқармасы 7. Байланыс және Орал қаласы ақпараттандыру жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық басқармасы 8. Байланыс және Қарағанды қаласы ақпараттандыру жөнiндегі Қарағанды облыстық басқармасы 9. Байланыс және Қызылорда қаласы ақпараттандыру жөніндегі Қызылорда облыстық басқармасы 10. Байланыс және Қостанай қаласы ақпараттандыру жөніндегі Қостанай облыстық басқармасы 11. Байланыс және Ақтау қаласы ақпараттандыру жөнiндегі Маңғыстау облыстық басқармасы 12. Байланыс және Павлодар қаласы ақпараттандыру жөніндегі Павлодар облыстық басқармасы 13. Байланыс және Петропавл қаласы ақпараттандыру жөніндегі Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы 14. Байланыс және Шымкент қаласы ақпараттандыру жөніндегі Оңтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |