Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен (2006.09.01. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау жөніндегі жұмысты одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iріктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат): аталған Жарлықтың мемлекеттік тiлдегi тақырыбы мен бүкiл мәтiнi бойынша "республикалық комиссия" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылады; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссияға "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға өтiнiм берiп тұрсын."; аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ережелер осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде: тақырыбынан басқа, бүкіл мәтiнi бойынша "республикалық комиссия" деген сөздер "Республикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "3-1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылады."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|