Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы (2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 383 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғы капиталының мынадай ең аз мөлшері белгіленсін: жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде; тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде. 2. Меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін: жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде; тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.05. № 104 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.10. № 264 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері: 1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде; Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде; 2) 2009 жылғы 1 қазаннан бастап: банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде; тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|