Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану (2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөніндегі үйлестірудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiнде үйлестіру кеңесi құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімдiлігі мәселелерi жөніндегі үйлестіру кеңесi туралы epeжe бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.13.07. № 668 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 224 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысына қосымша
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Үкіметінiң 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысымен Бекiтiлген
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ қызметi Кеңестiң мақсаттары мен міндеттерiне қайшы келмейтін қарыз берушілермен және донорлармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. 4. Кеңес шешімдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестiң негiзгi міндеттерi: 1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының қарыз берушiлермен және донорлармен ынтымақтастығының қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мiндеттерi жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауға, тартуға және пайдалануға байланысты проблемалық мәселелердi талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 4) халықаралық құқық нормаларына сәйкес мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдiру жөніндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады. 6. Негізгі мiндеттердi орындау мақсатында Кеңес мынадай функцияларды атқарады: 1) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ұсыныстарды, мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауды, тартуды және пайдалануды үйлестiрудiң проблемалық мәселелерiн қарайды; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тиімді жоспарлау, тарту және пайдалану мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтiк қорытындыларды дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкiметіне енгізеді; 3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсетеді; 4) Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасының мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімді пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық құқық нормаларына сәйкес келу мәнiне талдау жасайды.
7. Кеңес өз мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану мәселелерi жөнiнде ұсынымдар бередi; 3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды үйлестiруге байланысты мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді; 4) Кеңес құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының өкiлдерiн, қарыз берушілер мен донорларды Кеңес отырыстарына шақырады және тыңдайды; 5) Кеңес шеңберінде әлеуметтiк-экономикалық қызметтің жекелеген бағыттары бойынша арнайы жұмыс топтарын құрады.
8. Кеңестi төраға басқарады. 1) Кеңес жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады; 2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді; 3) Қазақстан Республикасы Үкiметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында Кеңес жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi. 1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi; 2) Кеңес отырыстары күн тәртібінiң жобасын қалыптастырады; 3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады; 4) Кеңес мүшелерiн және қарыз берушiлер мен донорлардан шақырылған өкiлдердi Кеңестiң кезектi отырысының өткізiлетiн орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етедi; 5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiлерiн өз қолымен растайды. 11. Кеңес отырыстары қажеттілігiне қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi және егер Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады. 12. Төраға болмағанда отырыстарға Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етеді. 13. Кеңес шешімдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін қатысып отырған Кеңес мүшелерiнің басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешімдер хаттамамен pесімделеді. 14. Шешім қабылдау кезiнде Кеңес мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. 15. Кеңес мүшелерінің ерекше пiкiрге құқығы бар, ол білдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуi тиіс. 16. Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдерi Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына Кеңес отырыстарының хаттамаларынан үзінділер жіберу жолымен жеткiзіледi. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Кеңестің жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.
|