Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы (2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Жалпы ережелер 24.12.01 ж. № 276-11 ; 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, теміржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол; 2) жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды; 3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы; 4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi - жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi; 5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету - жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет; 6) жол жүрiсiне қатысушы - жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам; 7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары - жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар; 8) жол жүрiсiн ұйымдастыру - жолдардағы жүрiстi басқару жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар мен өкiммен жүргiзілетiн iс-қимылдар кешенi; 9) жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға; 10) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган - автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы; 12) қызмет өңірі - тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін бөлу принципі бойынша көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған аумақ; 13) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 13) мемлекеттік техникалық байқау - тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі; 14) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі - механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері, міндетті техникалық байқауды өткізудің нәтижелері, берілген міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер мен халықаралық техникалық байқау сертификаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы; 15) механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, қозғалтқыш арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады; 16) міндетті техникалық байқау - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі; 17) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік - қатаң есептілік бланкісі болып табылатын және міндетті техникалық байқаудан өту фактісін растайтын, оның нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі белгіленген құжат; 18) техникалық байқаудың диагностикалық картасы - механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар, иесі мен механикалық көлік құралы және оның тіркемелері туралы және міндетті техникалық байқау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат; 19) техникалық байқаудың стационарлық желісі - міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін көлік құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен; 20) техникалық байқаудың ұтқыр желісі - көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, арнайы көлік құралынан тұратын жылжымалы кешен; 20-1) техникалық байқау операторы - міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 21) техникалық байқау орталығы - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшін стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желісі бар кешен; 22) техникалық байқау операторларының тізілімі - техникалық байқау операторларының бірыңғай тізбесі, оны жүргізуді көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады; 23) тiркеме қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады; 24) халықаралық техникалық байқау сертификаты - қатаң есептіліктегі бланк болып табылатын және халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өту фактісін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: - жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас.
4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттік саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) 5-бап өзгертілді; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi: - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу; - жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру; - автомобиль, қалалық жер үстi электр көлiгiнде және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi реттеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекіту; - жол жүрiсiн ұйымдастыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету; - көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу; жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу; - көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретіне мыналар жатады: - Қазақстан Республикасы аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат әзiрлеу және жүргiзу; көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту; өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау; - техникалық регламенттерді бекіту; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу және оларды қаржымен қамтамасыз ету; - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiне басшылық ету, олардың Заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауына бақылау жасау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органды белгiлеу және ол туралы Ереженi бекіту; - ережелердiң, стандарттар мен басқа да нормативтiк актiлердiң бiрыңғай жүйесiн белгiлеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін бекіту; техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.04.07. № 55-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7-бап өзгертілді 7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздігі жөніндегі орталық атқарушы органның құзыреті Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органның құзыретіне мыналар жатады: - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру; - көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау қағидаларын әзірлеу; - алдын алу шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып үйрету тәртібін белгiлеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік маңызы бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық талдамаларды ұйымдастыру; жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; - Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарын жасасуға қатысу. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру; жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде тапсырыс беруші ұсынған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келісу; автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; техникалық регламенттерді әзірлеу; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 7-1 баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-1-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыретіне: 1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару; 2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; 3) техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 4) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту; 5) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу; 6) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін, бланк өнімін өткізу қызметін көрсету төлемінің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту; 9) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу; 10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
ҚР 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді және атқарушы органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті 1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді органдардың қарауына мыналар жатады: - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жоспарларын, аймақтық бағдарламаларын бекіту; - облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi жөніндегі есептерiн қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: - тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру, олардың орындалуын үйлестiру және бақылау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу; - облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; - аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгізу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау; - тиiстi аумақ мүдделерiне орай жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру; - облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елді мекендердің көшелеріндегі жол қызметін басқару; - жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 9-бап. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 10-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттік жүйесi 1. Қазақстан Республикасының аумағында апаттардың, жол-көлiк жарақаттарының көрсеткiштерiн, көлiк құралдарының, жүргiзушiлер санын, жол жүрiсi саласындағы құқық бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ, жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөніндегі қызметтiң жай-күйiн көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттік жүйесi жүзеге асырылады. 2. 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 11-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламалары 1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында жол-көлiк оқиғаларының, одан зардап шеккен азаматтардың санын қысқартуға және осы оқиғалардан болатын материалдық залалды азайтуға бағытталған жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары әзiрленедi. 2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары осындай бағдарламаларға қойылатын талаптарға сәйкес әзiрленедi, белгiленген тәртiппен бекітіледi және бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс көздер есебiнен қаржыландырылады.
Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
12-бап. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртібі 1. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртібі, жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Жол жүрiсi ережелерiмен, Автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын пайдалану ережелерiмен және оларды Қазақстан Республикасы аумағында қорғау тәртібімен белгiленедi. 2. Қазақстан Республикасы аумағында көлiк құралдарының оң жақпен жүруi белгiленген.
13-бап. Көлiк құралдарының пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар 1. Көлiк құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар: - жол жүрiсi процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастыруға; - жүргiзушiлер еңбегi мен демалысының белгiленген режимiн сақтауға; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарының жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға; - жол-көлiк оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерiн бұзудың себептерiне талдау жасап, оларды жоюға; - көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге; - жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және мезгiл-мезгiл медициналық байқаудан өткiзiп тұруды қамтамасыз етуге; - жүргiзушiлердiң жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөніндегі шараларды ұйымдастыруға мiндеттi. 2. Автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарымен тасымалдау қызметiн жүзеге асыратын мамандандырылған кәсiпорындар арнаулы ережелер белгiлеп, жүктiң түрiн, оларды тасымалдау ерекшелiктерiн ескере отырып және қолданылып жүрген заңдар шегiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жүргiзушiлерге қосымша талаптар қоя алады. |