Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы (2023.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.23.10. № 1119 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабының 1 және 2-тармақтарына, 133-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторинг туралы келісім нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілер санаттары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|