Қордай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қордай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін. 2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Орумбаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ: «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|