Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің м.а. 2019.08.11. № 540 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi: аттестаттауға жіберуден бас тарту не аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда - күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей; аттестаттау өткізген кезде - 5 (бес) жұмыс күні; аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде - аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады. Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|