Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 583 Қаулысымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 20-5) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Алматы облысы аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін; 4) Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның орналастырылуын қамтамасыз етсін. 5) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омарға жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы «___» _________ 2017 ж.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|