Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін. 2. Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 222 «Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5219 тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Ескендиров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Зулкашевқа жүктелсін. 5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|