|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 112-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Блоктық бюджет 1. Блоктық бюджет - әкімшіге шығыстар лимиттеріне сәйкес белгіленген блок шегінде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын дербес бекітуге, қайта бөлуге және толық пайдалануға өкілеттік берілетін бюджет процесін басқару тәсілі. 2. Блоктық бюджетті енгізу және оның жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 4. Осы баптың ережелері пилоттық жоба шеңберінде 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.». 2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 2-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) 28-баптың 10-2-тармағындағы «деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен,» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) 84-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын; 2-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 85-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 144-бапта: 2-тармақта: бірінші бөліктегі «Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі автоматты режимде қалыптастырған график» деген сөздер «График» деген сөзбен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «10 желтоқсанына» деген сөздер «25 желтоқсанына» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөлікте: «10 желтоқсанына» деген сөздер «25 желтоқсанына» деген сөздермен ауыстырылсын; «10 мамырына» деген сөздер «25 мамырына» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөлік «бірінші басшысы» деген сөздерден кейін «осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын: «Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графиктерін тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде және қағаз жеткізгіште сол бір кезеңге қалыптастыруға тыйым салынады.»; 5) 144-2-баптың 4-тармағында: бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылады. Бақылау және қадағалау органында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімін реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекітеді және мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін, оның ішінде электрондық нысанда жіберіледі.»; мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын: «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде және қағаз жеткізгіште сол бір кезеңге қалыптастыруға тыйым салынады.». 3-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне: 1) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын: «34-1) ұлттық тіркелім - «электрондық үкімет» архитектурасы шеңберінде айқындалатын, салалар (аялар) бойынша деректердің эталондық дереккөздері;»; 2) 40-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын; 3) 43-2-бапта: екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлейді;»; мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын: «2-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекітеді. 2-2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган деректерді басқару жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес әкімшілік деректердің сапасын айқындайды.»; 4) мынадай мазмұндағы 43-4-баппен толықтырылсын: «43-4-бап. Ұлттық тіркелімдер 1. Ұлттық тіркелімдер тізбесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 2. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық тіркелімдерде қамтылған деректердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді.». 4-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне: 386-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын. 5-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын: «88-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі - омбудсмен) - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын адам;»; 2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын: «10-1-бап. Омбудсменнің құзыреті 1. Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында омбудсмен: 1) халықтың әлеуметтік осал санаттары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты жолданымдарды және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды; 2) халықтың әлеуметтік осал санаттарының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру бойынша жәрдем көрсетеді; 3) халықтың әлеуметтік осал санаттары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдарға халықтың әлеуметтік осал санаттары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының профилактикасына бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар береді; 5) мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жолданымдарды қарау үшін қажетті халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қозғайтын ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдардан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдардан сұратады және алады; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Халықтың әлеуметтік осал санаттарына осы Кодекс шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алатын адамдар жатады.». 6-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 6. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «ұсынуы бойынша» деген сөздерден кейін «Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 12-баптың бірінші бөлігінің 5-1) тармақшасы «ескере отырып,» деген сөздерден кейін «Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 14-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасы «ескере отырып,» деген сөздерден кейін «Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын. 7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 7-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап Заңды тұлғаларды тіркеу саласын реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары 1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мынадай негізгі мақсаттарды іске асыру үшін жүзеге асырылады: заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметінің тоқтатылу фактісін куәландыру; Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу; бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу; заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты (қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу. 2. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады. 3. Осы Заңның негізгі қағидаттары: 1) заңдылық; 2) баршаның заң алдындағы теңдігі; 3) жариялылық.»; 2) 6-баптың сегізінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылуға тиіс.»; 3) 6-1-бапта: тақырыптағы «тіркеудің хабарлама тәртібі» деген сөздер «тіркеу тәртібі» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктегі «кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы хабарлама» деген сөздер «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «хабарлама» деген сөз «өтініш» деген сөзбен ауыстырылсын; төртінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылуға тиіс.»; 4) 9-баптың бірінші бөлігіндегі «бір сағат» деген сөздер «бір жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 11-бапта: бірінші бөлікте: 4-4) тармақшадағы «216, 218, 218-1, 235-1, 237, 238-баптары» деген сөздер «190, 216, 218, 218-1, 235-1, 237, 238, 249, 365-баптары» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) мыналарды: нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін; құрылтайшы шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесінің немесе басқа да заңдастырылған құжаттың көшірмелерін ұсынбау.»; сегізінші бөлік алып тасталсын; 6) 14-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер қатысушылар құрамына шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға кірсе, онда осы Заңның 6-бабының сегізінші бөлігінде көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.»; 7) 14-2-бапта: бірінші бөлік 8) тармақшасындағы «өзгерген кезде енгізіледі.» деген сөздер «өзгерген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) байланыс ақпараты (телефоны, электрондық мекенжайы) өзгерген кезде енгізіледі.»; екінші бөліктегі «7) және 8)» деген сөздер «7), 8) және 9)» деген сөздермен ауыстырылсын; оныншы бөліктегі «4-1) және 5)» деген сөздер «4-1), 5) және 8)» деген сөздермен ауыстырылсын. 8-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 8. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары 1. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, серіктестікті құру, оның қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі міндеттері: 1) кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау; 2) шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; 3) шаруашылық серіктестігіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу; 4) шаруашылық серіктестігінің құқықтық мәртебесін белгілеу. 3. Шаруашылық серіктестіктері өз қызметін мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырады: 1) заңдылық; 2) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай міндеттемелері бойынша жауапкершілік; 3) шаруашылық серіктестіктерінің қызметі туралы ақпараттың оларға қатысушылар үшін ашықтығы, қолжетімділігі; 4) қатысушылардың адалдығы.». 9-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 9. «Өндірістік кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына: мынадай мазмұндағы 1-2-баппен толықтырылсын: «1-2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері 1. Кооперацияны дамытуды қолдау, шағын және орта бизнесті нығайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және экономикалық тұрақтылықты нығайту үшін жағдайлар жасау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі міндеттері: 1) өндірістік кооперативтерді құру, тіркеу, олардың жұмыс істеуі және тарату үшін құқықтық негіз белгілеу; 2) өндірістік кооператив мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын айқындау; 3) өндірістік кооператив мүшелерінің арасында пайда мен шығындарды бөлу тәртібін реттеу; 4) өндірістік кооператив ішінде шешімдер қабылдау тетіктерін белгілеу; 5) шағын және орта бизнесті дамытуды және елдегі экономикалық тұрақтылықты нығайтуды қамтамасыз ету.». 10-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 10. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1-1-тармақ 5) тармақшасындағы «келісу жатады.» деген сөздер «келісу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: «6) облыстық ономастика комиссияларының ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөніндегі қорытындыларын келісу; 7) облыстық ономастика комиссияларының аудандық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөніндегі қорытындыларын келісу жатады.»; 2-тармақтың 1) тармақшасындағы «ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау» деген сөздер «Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, олардың атауын өзгерту» деген сөздермен, 2) тармақшасындағы «аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау» деген сөздер «Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауын өзгерту» деген сөздермен ауыстырылсын. 11-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Нотариаттың негізгі мақсаты мен міндеті 1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариаттық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу нотариаттың мақсаты болып табылады. 2. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жеке және заңды тұлғаларды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету нотариаттың міндеті болып табылады.»; 2) 32-бапта: 5-2) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын: «5-3) осы Заңның негізгі мақсаты мен міндетіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариатты реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»; 6), 8) және 10) тармақшалар алып тасталсын. 12-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 12. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын: «1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары 1. Серіктестікке қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, серіктестікті құру, оның қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау Қазақстан Республикасының жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасының негізгі мақсаттары болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі міндеттері: 1) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық мәртебесін белгілеу; 2) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді құру шарттарын айқындау; 3) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қызметін реттеу; 4) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерге қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету. 3. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер өз қызметін мынадай негізгі қағидаттардың негізінде жүзеге асырады: 1) заңдылық; 2) өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлік мөлшеріндегі жауапкершілік; 3) серіктестік қызметі туралы ақпараттың оның барлық мүшелері үшін ашықтығы, қолжетімділігі; 4) қатысушылардың адалдығы.»; 2) 26-баптың 3-тармағындағы «1) - 3)» деген цифрлар «1) және 2)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 67-баптың 6-тармағы алып тасталсын; 4) 69-баптың 3-тармағындағы «Жарғылық капиталды азайту нәтижесінде оның мөлшері осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген ең төменгі мөлшерден аз болып қалған жағдайда, сондай-ақ қатысушылар осы Заңның 24-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталын құрмаса,» деген сөздер «Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда,» деген сөздермен ауыстырылсын. 13-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 13. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласын реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары 1. Жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады. 2. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдап отыру, сондай-ақ оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады. 3. Осы Заңның негізгі қағидаттары: 1) заңдылық; 2) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы.». 14-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 14. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «уәкілетті орган айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын. 15-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 15. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын: «4-5) өңірлік нышанды бекіту;»; 2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-17) тармақшамен толықтырылсын: «1-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидалар негізінде өңірлік нышан жобасын әзірлейді;»; 3) 29-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы «, сондай-ақ аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын» деген сөздер алып тасталсын. 16-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 16. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасында кооперативтік қозғалысты ұйымдастыру мен дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтыну кооперативтерінің құрылуы мен жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау арқылы тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі міндеттері: 1) Қазақстан Республикасында кооперативтік қозғалысты дамыту үшін құқықтық негіз құру; 2) тұтыну кооперативтеріне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; 3) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |