Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Ақмола облысының Шортанды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін. 2. Ақмола облысының Шортанды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № А-11/289 «Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8185 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысының Шортанды ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қантарынаң бастап қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 30 қарашадағы № А-11/238 қаулыға қосымша
Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|